AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады

Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады

Өмір-өзен 15.06.2021, 10:12 1,830 Almaty-akshamy.kz.
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
Сурет:Susu.ru

Қазақстанда электр көлігінің санын ұлғайту ынталандырылуда


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экологияны жақсарту мәселелері қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. Премьер-Министрдің сайтына сілтеме жасап.


Nur Otan партиясының бағдарламасын орындау аясында 2 млрд ағаш отырғызу, еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыру, 6 қоқыс өңдеу зауытын салу жобаларын іске асыруды бастау және т. б. бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Көлік құралдары шығарындыларының атмосфераға әсерін төмендету үшін қоғамдық көлікті газға ауыстыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қабылданып жатқан шаралар 2025 жылға қарай 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге және жалпы алғанда, ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жүйелі экологиялық проблемаларды шешу мақсатында үздік әлемдік практикаларды ескере отырып, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, оның элементтерінің бірі — ірі өндірістерде озық технологияларды енгізу. Жергілікті атқарушы органдар жұртшылықпен бірлесіп, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге, көгалдандыруға, «тарихи» ластануларды жоюға бағытталған Жол карталарын әзірлеп, бекітті.


Премьер-Министр автопаркті жаңарту бойынша кешенді шараларды одан әрі іске асыруды, отын сапасы мен шығарындылар көлеміне бақылауды күшейтуді, электр көлігі санының өсуін ынталандыруды тапсырды.


Үкімет басшысы жақында электромобильдерге кәдеге жарату алымын алып тастауды мысалға келтірді. Асқар Мамин Экологияны жақсарту бойынша өңірлік Жол карталарын, әсіресе, биыл іс-шаралардың жартысынан азы орындалған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына орындауды жандандыру қажет екенін атап өтті. Үкімет басшысы атмосфераға шығарындыларды азайту мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ең озық қолжетімді технологиялар бойынша анықтамалықтарды уақытылы әзірлеуді тапсырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Экология, геология және табиғи ресурстар, сондай-ақ Қаржы министрліктерімен бірлесіп, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың үлгілік жобасын әзірлеу, әкімдіктермен бірлесіп, әрекет етіп тұрған заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес, құрылыс полигондарын құру мәселесін пысықтау тапсырылды.


Премьер-Министр сондай-ақ кәріз-тазарту құрылыстарын санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкестендіру жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Үкімет басшысы әкімдерге ағаш отырғызу жоспарларының орындалуын, көшет материалын өсіру үшін тәлімбақтар мен орман шаруашылықтарының жай-күйін ерекше бақылауға алуды тапсырды.


Асқар Мамин өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ЖЭО-ның, автокөліктің атмосфераға шығарындыларына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне автокөлікті техникалық бақылау станцияларының жауапкершілігін күшейту тапсырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДГД #юрлица #наличные деньги #снятие #Қазақстан #Экология #сақтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);