конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Угандада Эбола індетінен бір адам қайтыс болды

Угандада Эбола індетінен бір адам қайтыс болды

Әлем 20.09.2022, 10:01 1,230
Угандада Эбола індетінен бір адам қайтыс болды
Сурет: Ria.ru

Вирусының таралуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылданып жатыр.


Уганданың орталығында Эбола індетінен бір адам қайтыс болды. Бұл туралы сейсенбіде Уганданың Денсаулық сақтау министрі Джейн Асенг айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz.



«Мубенде ауданы, Нгабано ауылында тұратын 24 жастағы ер адамда Эбола ауруы расталды, жұқтырған адам қайтыс болды», - деп жазды Chimpreports жергілікті ақпараттық порталы.



Жергілікті биліктің хабарлауынша, Эбола вирусының таралуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылданып жатыр.



«Бұл аурумен күресу біздің тәжірибемізде бар. Біз оған толық дайынбыз», - деді министр Джейн Асенг.



Эбола індеті Угандада 2000 жылы өршіген еді. Сол сәтте індеттен жүздеген адам қайтыс болған-ды.


Эбола вирусы жабайы жануарлардан жұғады, содан кейін адамдарға таралады. Аурудың алғашқы белгілері - қызба, бұлшықет ауруы, бас ауруы және тамақ ауруы. Одан кейін бүйрек пен бауыр қызметінің бұзылуы байқалады, кейбір жағдайларда ішкі және сыртқы қан кетулер басталады.


Эбола вирусын жұқтырған алғашқы адам 1976 жылы қазіргі Кондок аймағында тіркелген. Жұқтырғандар саны бойынша ең үлкен індет 2014-2016 жылдары Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде орын алды. Оның құрбандарының саны 11 мыңнан асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вирус #Эбола #Уганда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Кеше 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Кеше 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Кеше 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Кеше 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);