AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Тыныштық күніне қатысты Бас прокуратура мәлімдеме...

Тыныштық күніне қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Сайлау-2023 17.03.2023, 15:24 900
Тыныштық күніне қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Сурет: Іnform.kz

Бүгін үгіт жұмыстары аяқталады.


Бас прокуратура 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Бүгін сағат 24:00-де сайлау алдындағы үгіт жұмыстарының кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады. 14 наурыздан БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді", - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясының отырысында.



Сондай-ақ ол сауалнамаға қатысты бірқатар талаптарға тоқталды.


Мұндай сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге болмайды ("Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).


Оларды, тіркелген және Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады.


Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі.



"Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады", - деді Жандос Әмірәлиев.



Аталған заң талаптары Парламент Мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты.


Бас прокурордың орынбасары сайлау заңнамасының нормаларын сақтауда ерекше рөл сайлау комиссияларының мүшелеріне жүктелетінін атап өтті.



"Сайлаудың жариялылығы мен ашықтығына әсер ететін қатысушылардың тағы бір санаты, олар – саяси партиялар, басқа да аккредитациясы бар қоғамдық бірлестіктер, Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары және кандидаттардың сенімді адамдары.Олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері Конституциялық заңмен реттелген. Бұл заң байқаушылар мен сенімді адамдарға құқықтармен қатар, бірқатар міндеттерді жүктейді. Олардың сақталмауы тиісті құқықтық салдарға әкеп соғады", - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#үгіт #Тыныштық #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика