Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде тал...

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

Барлығы 08.10.2025, 11:36 451
Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру мақсатында «Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Еңбек мобилділігі орталығының өкілдері, жұмыс берушілер, заңгерлер, құқықтанушылар, психологтар, жастар қатысты.

Дөңгелек үстел ұйымдастырушы әрі жоба жетекшісі Бейбіт Молдахметұлының кіріспе сөзінен басталды. Ол үш жылға созылған жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жобаға белсенді атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс айтты. «Жоба аясында биыл 40-тан астам адамға құқықтық көмек көрсетілді. Түрмелерде психологиялық тренингтер өтіп, 120-дан астам адам қамтылды. Жұмыс берушілерді шақырып, абақтыдан шыққандармен кездестірдік» деді ол.

Келесі сөз кезегі қаладағы түзеу мекемелерінде психологиялық тренингтер өткізген Гүлбанум Мурадуллаеваға тиді. Оның айтуынша сотталғандар түрмеден шыққан соң қайтадан қылмысқа ұрынып, түрмеге тағы түсеміз бе деп алаңдайды екен. «Әр адамда ішкі тірек  болады. Ол жастық шақта қалыптасады. Жазасын өтеп жатқандарда осы ішкі тірек қалыптаспаған. Мен оларға сондай ішкі тірек тауып беруге тырыстым» дейді Г.Мурадуллаева.

Алматы қаласы ҚАЖ департаменті жобаның ұйымдастырушылардың басты серіктесі болды. Осы департаменттің пробация қызметінің басшысы, әділет майоры Мирлан Ақсақалов жобаның өміршеңдігіне назар аударып, жоба келесі жылы да жалғасса екен деп ниет білдірді. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидатына тоқталды. «Қоғам жақсы өмір сүру үшін бірінші кезекте заң үстемдік ету керек. Сосын заңның үстемдігін, яғни тәртіпті қамтамасыз ететін құзырлы мекемелер тиімді жұмыс істеуі тиіс» деп атап өтті әділет майоры.

Ал құқықтанушы Қалбуби Жанботаеваның сөзінше сотталғандарға құқықтық көмек көрсету ұзақ процесті қамтиды екен. «Арыз, өтініштермен қатар жәбірленуші, айыптаушы тараптардың хаттарын жинап, сотқа жібереміз. Сот олардың кейбірін қанағаттандырады, кейбірін қанағанттандырмайды. Керек десеңің не үшін қанағаттандырмағанына түсініктеме де бермейді. Сол себепті құжаттарды жинап алты айдан кейін сотқа қайтадан арыз-өтініш өткізуге мәжбүрміз» деген құқықтанушы, пробация қызметкерлерінің жұмыстарына да мән беріп, олардың еңбекақылары аз екенін тілге тиек етті. Түрмеден шыққандардың ісімен айналысатын мамандардың айлығы жоғары болу керектігін айты.

«Казмонтаж» ЖШС бас инженері Ұлан Мекебаев жобаға белсенді қатысқан жұмыс берушілердің бірі. Ол бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдармен тікелей әңгімелесу жүргізген маман. «Бізге электр сымын тартушы, монтаж жасаушы мамандар керек. Айлық 300 мың теңгеден басталады. Түрмеден шыққан бірнеше азаматты жұмысқа шақырдым. Бірақ олар жұмысты көпсініп, айлықты азсынды» деді жұмыс ұсынушы компанияның өкілі.

Дөңгелек үстел соңында сөз алған құқықтанушы Бақыт Ақышев жобаның маңызына тоқталды. «Бұл оңай жоба емес. Түрмеден шыққандар былай тұрсын университет бітіргендерге жұмыс тауып беру қиын қазір. Әр жұмыс берушінің алдына барып, кездесуге шақыру да энергияны талып етеді. Мен өзім біраз жыл құқық қорғау саласында істеген адаммын. Біздің кезімізде істі болғандармен жұмыс жүргізу учаскелік полицияларға тапсырылатын. Қазір олар үшін пробация қызметі ашылып, полицейлерге түсетін жүктемелер жеңілдеді» деп қорытындылады ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бостандық #дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика