AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Түрксіб ауданында есірткі зертханасы жойылды

Түрксіб ауданында есірткі зертханасы жойылды

Заң мен тəртіп 13.05.2024, 12:48 922
Түрксіб ауданында есірткі зертханасы жойылды
Polisia.kz

Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны есірткі зертханасын ұйымдастырған, бұған Алматының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің деректері дәлел. Ол Алматының Түрксіб ауданында жеке үйді жалға алып, сол жерде синтетикалық есірткіні қайнатқан.

– Үйді тінту кезінде 1 келі кристалды зат, 20-дан астам металл канистрлер, белгілі бір иісі бар ішіне сұйықтық құйылған шыны бөтелкелер, оралған есірткі қораптары, пайдаланылған респираторлар, шикізатты араластыруға бейімделген электрлі бұрғы, электронды таразылар, өлшеуіш стақан, зертханалық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Күдікті жұмыс берушімен интернет арқылы хабарласқанын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 4 келі 100 грамм синтетикалық мефедрон есірткі заты. Күдікті қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары  Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ полиция, жыл басынан бері Алматыда синтетикалық есірткі шығаратын 4 зертхананың жойылғанын еске салды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-esirtki-zerthanasy-zhojyldy-2/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);