ffin.kz

Түрксіб ауданында әлі де орталық сумен қамту және су бұру желілеріне қосылмаған 9 500 үй бар

Түрксіб ауданында әлі де орталық сумен қамту және су бұру желілеріне қосылмаған 9 500 үй бар Сурет: Adyrna.kz

Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев бүгін Түрксіб жұртшылығымен кездесті.


Ерболат Досаев алдымен Түрксіб ауданының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бағалауға сәйкес, осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, аудан экономикасының өсу қарқыны 5% құрайды (Алматы – 5,6%). Аудан экономикасының даму драйверлері өңдеуші өнеркәсіп (+11%) және құрылыс (+4%) болды.



«Аудан экономикасына салынатын инвестициялардың 41,2%-ы 146 млрд. теңгеге дейін өскені байқалады, оның 75%-ке жуығы жеке инвестициялар. Бұл Түрксіб ауданында 4 180 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.


Жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны шамамен 20%-ке (18,5%) өсіп, 6 мың субъектіден асты(6 033 субъект, 2021 жылдың ұқсас кезеңі – 5 087 субъект)», - деді қала әкімінің міндетін атқарушы Е.Досаев.



Е.Досаев инженерлік желілерді жаңғырту жайына тоқталды.



«Сіздермен ақпан айында кездескенімізде  Баймағамбетов – Шемякин – Коминтерн – Айтықов көшелерінің бөлігіндегі жұмыс істемейтін су құбыры және канализация желісін "Алматы Судың" балансына беру туралы мәселе көтерілген еді. 
Бүгінгі таңда ұзындығы 11 км желі қалпына келтірілді. Оған қоса, осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін 3 кәріздік сорғы станциясының құрылысы аяқталады.
Нәтижесінде биылғы жылдың соңына қарай осы шағын учаскедегі 1000 үйді орталық су желісіне, ал  келесі жылы су бұру желісіне қосуға мүмкіндік пайда болады. 
Түрксіб ауданының тұрғындарын сапалы сумен және тұрақты су бұру жүйесімен қамтамасыз ету үшін осы жылдың басынан бері "Жас Қанат", "Шуақты" және "Нижняя пятилетка-3" шағынауданында (128,4 км) 71,6 км инженерлік желі салынды (50% канализация, 50% сумен жабдықтау желілері)», - деді Е.Досаев. 



«Жас қанат» және «Шуақты» шағынаудандары бойынша инженерлік желілерді І тоқсанда, «Нижняя пятилетка» шағынауданы бойынша 2023 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл осы шағынаудандардың 20 мыңнан астам тұрғынына (20 150 адам, 5,5 мың үй) орталық коммуникацияларға қосылуға мүмкіндік ашады. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін жол жабыны қалпына келтіріледі.
 «Авиатор» (02.08.2022 ж.; 12,6 км), «Маяк» (02.08.2022 ж.; 19,1 км), «Әлмерек» (30.06.2022 ж. 2-ші кезең; 18,5 км) және «Қайрат» (2023 жылдың наурыз айында 2-ші кезең; 14,2 км) шағынаудандарында 64,4 км сумен қамту желілерін салуға жобалау-сметалық құжаттама алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың III тоқсанында бастау жоспарланып отыр. 
Бүгінгі таңда Түрксіб ауданында әлі де орталық сумен қамту және су бұру желілеріне қосылмаған 9 500 үй бар. Қазір бұл үйлер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін 2024 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.



«Осы жылдың маусым айында өткен кездесуімізде Жахангер көшесіндегі 22 үйді электрмен жабдықтау мәселесі айтылды. Қазіргі уақытта жаңа электр беру желісін салу жұмыстары аяқталды. Тұрғындар қалалық желілерге қосылып, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етілді. 
Осы жылдың соңына дейін «Шуақты» шағынауданындағы 5,5 км ескі электр желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Оның 5,3 км реконструкцияланды. 
2023 жылдың басында дәл осындай жұмыстарды «Әлмерек» (23,5 км) және «Қайрат» (55,5 км) шағынаудандарында бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Е.Досаев. 



«Қайрат» және «Нұршашқан» шағынаудандарында 2 400-ден астам абонентті жеткілікті үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр. Жұмыстарды 2023 жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін Бекмаханов (10,3 км) және Бұқтырма (7,3 км) магистральды көшелеріндегі сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту, сондай-ақ ауданның жартылай жарық жүргізілмеген 100 көшесіне шамдар орнату жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде осы жылдың  соңына қарай Түрксіб ауданының 90%-ы жарықпен қамтамасыз етіледі.


Е.Досаев  "Қайрат" шағынауданындағы жағдайды жеке түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, бұған дейін әкімдік 3 мың пәтерге есептелген 41 тұрғын үйдің құрылысы осы жылдың соңына дейін  аяқталатынын хабарлаған болатын.  Алайда, төрт мердігердің ("Сапа Құрылыс", EC Energy, Шах және Gas Energy) мерзімдерді созуына және жеткілікті ұтқырлық танытпауына байланысты инженерлік желілерді жүргізу, аула аумақтары мен кірме жолдарды абаттандыру жұмыстары аяқталмады.



«Менің шешімім бойынша технологиялық талаптарды сақтау үшін бұл жұмыстар қыс мезгілінде тоқтатылды. Яғни жұмыстар жаңа құрылыс маусымы басталған кезде жалғастырылатын болады», - деді Е.Досаев.



Осыған байланысты, тұрғындар жоғарыда аталған үйлерге 2023 жылдың мамыр айында кіреді, осы кезде 1500 орындық мектеп пайдалануға беріледі және қоғамдық көлік маршруттары іске қосылады (1 жаңа маршрут ашу және 2 маршруттың қозғалыс схемасын өзгерту жоспарланған).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04