AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударуға көмек...

Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударуға көмектескен топ сотқа жолданды

Заң мен тəртіп Бүгін 10:30 40
Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударуға көмектескен топ сотқа жолданды
depositphotos

Қаржылық мониторинг агенттігі шетелдік интернет-казинолардың заңсыз қызметіне жәрдемдескен топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тергеу мәліметтері

Тергеу мәліметінше, күдіктілер өз бақылауындағы үш компанияның төлем жүйесі арқылы шетелдік интернет-казинолардың шоттарына ақша аударып отырған. Бұл жүйеге түрлі банктерде орнатылған жүздеген төлем терминалы қосылған.

Олардың қатарында Nomadgames, Sultangames, Pinco, Pin-UP, Vavada, Mostbet және 1WIN интернет-казинолары бар.

Жалпы көлем мен комиссиялық сыйақы

Жүргізілген төлем операцияларының жалпы көлемі 191 млрд теңгеге жеткен. Ал күдіктілер алған комиссиялық сыйақы 286 млн теңгені құраған.

Ақшаның бағытталуы

Ақшаның нақты қайда бағытталғанын жасыру үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің деректемелері пайдаланылған. Олардың кейбірі өз атына төлем терминалдары тіркелгенінен бейхабар болған.

Аталған тұлғалардың атына интернет арқылы төлем қабылдайтын терминалдар рәсімделген. Жалған шарттар мен арнайы әзірленген сайттардың көмегімен ақша аударымдары тауарлар мен қызметтердің төлемі ретінде көрсетілген.

Кейін қаражат шетелдік алушыларға, соның ішінде криптовалюта арқылы жіберілген.

-Қылмысты ұйымдастырған адам қамауға алынды. Сот санкциясымен төрт автокөлік пен 103 млн теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құқық #қылмыс #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл ел» жобасының аясында 2 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Бүгін 11:27

Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Бүгін 10:59

Белгілі ақын Надежда Лушникова өмірден өтті

Бүгін 10:12

Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді

Бүгін 10:02

Түзеу мекемесінде де кітап оқитын жасөспірім көп

Бүгін 09:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);