Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарының мәртеб...

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарының мәртебесі артып келеді

Әлеумет 04.09.2025, 13:29 540
Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарының мәртебесі артып келеді
aqshamnews.kz

Түркістан облысында Жұмысшы мамандықтар жылына орай жеті бағыт бойынша 64 іс-шарадан тұратын кешенді жоспар әзірленді. Оның басты мақсаты – кәсіби білім беруді дамыту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және еңбек нарығының сұранысын қамтамасыз ету.

Бүгінде өңірдегі 50 колледжде 47 мыңнан астам студент 75 мамандық бойынша білім алуда. Оның ішінде 16 мыңнан астамы – 38 жұмысшы кәсіпті игеріп жатыр. Жаңа оқу жылына бөлінген 15,5 мың гранттың 9,5 мыңы дәл осы жұмысшы мамандықтарына бағытталған.

Колледждерде дуальды оқыту жүйесі қарқынды дамып келеді. Қазір 35 колледж 650-ден астам кәсіпорынмен келісімшарт жасап, студенттердің теорияны тәжірибемен ұштастырып, өндіріс орындарында білімін жетілдіруіне жағдай жасалуда.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бұл бағыттағы жұмыстардың мәнін атап өтті:
«Біз әкімдікпен бірлесе отырып, жеті бағыт бойынша 64 іс-шарадан тұратын жол картасын жасадық. Қазіргі таңда оның 18-і жүзеге асты. Мектептер мен кәсіби бағдар беру орталықтарында 790 маманның штаттық бірлігі бекітілді. Мұның барлығы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге бағытталған», – деді ол.

Өңірде жастарды жұмыспен қамтуға арналған форумдар мен жәрмеңкелер өткізіліп келеді. Мәселен, «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» форумында жүзге жуық түлек нақты жұмысқа орналасты. Ал бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс берушілер 1,5 мыңнан астам бос орын ұсынды.

Түркістан облысында білім беру жүйесі де жаңаруда. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 29 жаңа оқу орны салынуда. Биылдың өзінде 13 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 16 мектеп ашылады. Сонымен қатар, 115 мектеп жаңғыртудан өткізіліп, оның 100-інде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Барлық мектептер жедел басқару орталығына қосылды. Онда турникеттер, дабыл түймелері орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі таңда өңірде 67 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Олардың ішінде 1 200-ден астамы «Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасына қатысып, көпшілігі басшылық қызметтерге тағайындалды. Жыл соңына дейін тағы 16 мың мұғалімнің біліктілігін арттыру жоспарланса, ұлттық «Ұстаз» платформасында 13 мыңға жуық педагог аттестациядан өтуде.

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер беру және білім беру жүйесін жаңғырту бағытындағы жұмыстар дәйекті түрде жалғасып келеді. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл қадамдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан #жұмыс #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мысырға баруға болады

Бүгін 14:30

Дархан Сатыбалды Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Бүгін 14:20

Әбиба Әбужақынова германиялық брендтің амбассадоры болды

Бүгін 14:15

Италия музейінен құнды картиналар ұрланды

Бүгін 14:04

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Бүгін 13:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика