Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістан облысында 1 жасар баланың қолын еттартқы...

Түркістан облысында 1 жасар баланың қолын еттартқыш шайнап тастаған

Әлеумет 11.09.2025, 09:57 614
Түркістан облысында 1 жасар баланың қолын еттартқыш шайнап тастаған
depositphotos.com

Түркістан облысында дәрігерлер 1 жасар баланың қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болды. Абайсызда оң қолын еттартқышқа салып алған бала есінен танып қалған. Дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы орташа, бірқалыпты ауыр дейді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысы Төле би ауданы Көксәйек ауылында бір жасар ойын баласының оң қолы еттартқышқа түсіп, шайнап кеткен. Дәрігерлер оның бір өлімнен аман қалғанын айтады. Оқиға 7 қыркүйекте болған. Ес-түссіз, көп қан жоғалтқан баланы облыстық балалар ауруханасына түске жақын жедел жәрдеммен ата-анасы жеткізген.

"Үйінде ата-анасы банкі жауып жатқан кезде бала қолын еттартқышқа тығып алып, шайнап кеткен. Толық көлемде. Күндізгі кезекшілікте алып келді. Біз жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызып, ол жерде жедел түрде ота жасап, балаға көмек көрсеттік. Қолын төменгі білек дейді, сол жерге дейін шайнап кеткен. Саусақтары мен алақан сүйектерінің барлығын майдалап шайнап тастаған.  Қолын сақтап қалуға мүмкіндік болмады. Қолы жаңағы еттартқышта майдалап, термен ғана ілініп тұрды", - дейді дәрігер-травматолог Ержан Шәріпов. 

Дәрігерлердің айтуынша, бала жансақтау бөлімінен шығарылғанымен жағдайы қалыпты орташа ауыр. Ота кезінде баланың оң қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болған. Дәрігерлерге төтеншеліктер көмектескен. Әуелі мамандар баланың қолын еттартқыштан шығарып алған.

"Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері облыстық балалар клиникалық ауруханасында баланың қолын еттартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді. 112 нөміріне бір жарым жасар баланың қолын электр еттартқышқа сұғып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәрігерлер баланы өз күштерімен босата алмаған соң, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Операция дәрігерлермен бірлесіп жүргізілді. Балаға наркоз берілгеннен кейін құтқарушылар апаттық-құтқару құралын пайдаланып, еттартқыштың корпусын мұқият кесіп, оның қолын босатты", - деді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Қазір бала есін біледі, сөйлей алады. Оған ата-анасы қарап жатыр. Баласының жағдайынан есеңгіреп қалған ата-ана оқиға туралы қандай да бір пікір беруден бас тартты. Құтқарушылар мен дәрігерлер ата-аналарға барынша мұқият әрі сақ болуға, баланы жалғыз қараусыз қалдырмауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #бала #еттартқыш #ампутация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

12 мың бала неге Ұлттық қордан төленетін төлемдерді алмайды?

Бүгін 17:04

Сауд Арабиясы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге мүдделі

Бүгін 16:44

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Бүгін 16:27

Атырауда әйел полицейден қашқан ұлына көмектескен - видео

Бүгін 16:16

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика