AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 30 мыңға жуы...

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 30 мыңға жуықтады

Оқиға 13.02.2023, 03:10 1,347 Almaty-akshamy
Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 30 мыңға жуықтады
Сурет: Ашық дереккөз

Жер сілкінісінен кейін 2 412 афтершок тіркелген


Түркиядағы жойқын табиғат апатынан көз жұмғандар саны 30 мыңға жуықтады. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


AFAD мәліметтері бойынша эпиорталығы Кахраманмараштағы Пазарджик және Эльбистан аудандарында болған екі жер сілкінісінен кейін 2 412 афтершок тіркелген.


Жойқын зілзала құрбандарының саны Түркия уақытымен сағат 15:55-те 29 605 адамға жетті.


Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті.


Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 19 адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #жер сілкінісі #құрбандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);