AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Түркияда «Томирис» фильмінің премьерасы өтті

Түркияда «Томирис» фильмінің премьерасы өтті

Не? Қайда? Қашан? 02.09.2021, 11:28 2,090
Түркияда «Томирис» фильмінің премьерасы өтті
Сурет: Inform.kz

Отандық «Томирис» фильмі Түркияда көрермендерге жол тартты


Ыстанбұлда «Томирис» фильмінің Түркиядағы премьерасы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тарихи драманың бауырлас елдегі алғашқы көрсетіліміне фильмнің режиссері Ақан Сатаев және басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын арнайы қонақ болды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған премьераға, сондай-ақ, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркияның саясаткерлері, жергілікті зиялы қауым өкілдері және Ыстанбұлдағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Ұлы даланың тарихын тартымды түрде паш еткен отандық фильмді жиналған көрермендер ыстық ықыласпен қабыл алды. Осы ретте Томирис ханшайымның Түркияда да танымал тарихи тұлға екенін, оның есімінің қыздарға берілетінін айта кету керек. Аталған кинотуынды 3 қыркүйектен бастап Түркиядағы екі жүзден астам кинотеатрларда көрсетілімге шығып, қалың көрерменге жол тартады.


Тәуелсіздікке арналған меркелік іс-шаралардың жалғасатынын айтқан Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Ә. Байел «Томирис» кинокартинасының Түркияның мәдени өміріндегі үлкен оқиғаға айналып, бауырлас халықтарды одан сайын жақындата түсетініне деген сенімін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьера #Тұсаукесер #көрсетілім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Бүгін 14:39

Қарашада неше күн демалыс бар?

Бүгін 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Бүгін 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Кеше 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);