AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркияда «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші орн...

Түркияда «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші орнатылды

Әлеумет 28.11.2022, 02:00 1,050 Almaty-akshamy
Түркияда «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші орнатылды
Сурет: Ашық дереккөз

Шара аясында қазақ көшінің 70 жылдығына орай, «ҰЛЫ КӨШ» тақырыбында фотосуреттер мен ҚР жоғары оқу орындарының білім көрмесі ұйымдастырылды


Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Бағжылар ауданында «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші салтанатты түрде ашылды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Отандастар қорына сілтеме жасап. 


Алтайдан Анадолыға қоныс аударған қазақтардың Түркия мемлекетін мекендеуіне 70 жыл толуы қарсаңында бой көтерген бұл ескерткіш – екі ел арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың айрықша белгісі. Авторы – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркемсурет Академиясының бірінші вице-президенті, белгілі суретші, режиссер, тележурналист Жанұзақ Мүсәпір.


Іс-шараны Қазақстанның Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев салтанатты түрде ашып берді.


Бағжылар ауданының мэрі Абдулла Оздемир мырза Түркияда тұрып жатқан қазақ ұлтына өз ризашылығын білдіріп, құттықтауын жеткізді.


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, қазақ ұлтының қилы тарихына тоқталып, түрік халқының бауырластығын тілге тиек етті.


«Бірлік» қазақ жастары ұйымының төрағасы Аслан Серік қазақтың қара домбырасымен «Қазақ осы» әнін орындап, жиналған қауымның ықыласына бөленді.


«Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы Қазақстан мен Түркияның арақатынасына тоқталып, бірлігі бекем мемлекеттер екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Бағжылар ауданының әкіміне шапан жауып, арнайы сыйлық табыстады.


Шара аясында қазақ көшінің 70 жылдығына орай, «ҰЛЫ КӨШ» тақырыбында фотосуреттер мен ҚР жоғары оқу орындарының білім көрмесі ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түкрия #Бауырластық #ескерткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Кеше 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Кеше 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Кеше 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Кеше 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);