AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Түркияда жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Түркияда жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Әлем 24.08.2023, 02:47 1,126
Түркияда жер сілкінісі қайталануы мүмкін
Сурет: ашық дереккөз

 Түркияда тағы да жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін.


Сол елдің белгілі сейсмологы Наджи Гөрюр осылай дейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Айтуынша, қауіп Ыстамбұлға төніп тұр. Егер жер сілікінсе 100 мыңнан аса ғимарат құлауы ықтимал. Жергілікті және шетелдік сейсмологтардың Ыстамбұлды үлкен жер сілкінісі күтіп тұр деген болжамдары жиі айтыла бастады. Түрік сейсмологі Наджи Герордің сөзінше, зілзаланың 7 балдан жоғары болу ықтималдығы 60%-тен жоғары. Ал, мегаполис муниципалитеті басшысының орынбасары доктор Бугра Гөкче Мармара аймағындағы ең жоғарғы қауіптегі сценарийді былайша  түсіндірді.



Бугра Гөкче, Ыстамбұл муниципалитеті басшысының орынбасары: - Ең нашар сценарий бойынша Ыстамбулдағы Мармара жер сілкінісінде 207 мың ғимарат зақымдануы мүмкін. Бұл жағдай қаламыздың шамамен 3 миллион тұрғынына тікелей әсер етеді. Біз жер сілкінісіне төзімді трансформация жоспарын топырақ пен құрылыс қоры жағынан ең қауіпті аймақтардан бастаймыз.



Ыстамбұлды күшті жер сілкінісіне дайындау қажеттілігін Түркия билігі осы жылдың ақпан айында елдің оңтүстік-шығысында болған зардабы көп зілзаладан кейін қолға алған. Атап айтқанда, қауіптілік деңгейіне қарай ғимараттар сұрыпталып, резервтік алаңдар нақтыланды. Бұзылуы мүмкін үйлер анықталып, бірқатар нысандардың қаңқаларын қатайту жұмыстары қарқын алынды. Сондай-ақ бірінші кезеңде 300-350 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.



Мехмет Өзхасеки, қоршаған орта, урбанизация және климаттық өзгеріс министрі: - Ыстамбұлда 5,8 миллион тәуелсіз мүлік бар. Оның 1,5 миллионы өте қауіпті санатта, соның 600 мыңы бірінші кезекте бұзылатын үйлер. Шынымды айтсам, бұл үлкен сан. 600 мың үйдің мәселесін шұғыл бастауымыз қажет.



Айтып келмейтін апатқа дайындықты шұғыл бастау үшін арнайы заң жобасы әзірленді. Тиісті құжат парламенттік күзгі мәжілісінде талқыланбақ. Заң жобасы бюрократиялық үрдістерді жеңілдету және мәміле келе алмаған тұрғындардың жағдайын қарастырмақ.



Мехмет Өзхасеки, қоршаған орта, урбанизация және климаттық өзгеріс министрі: - Біздің министрлік аясында басталған бұл жұмыс 10 күнде аяқталады деп ойлаймын. Біз заң жобасын әзірлеп жатырмыз. Парламент ашылғанға дейін мұны аяқтасақ, мәжілістің кезектен тыс жиналысын шақыртамыз. Осылайша, Ыстамбұлды жер сілкінісіне дайындау үшін алдымызда тұрған барлық кедергілерді еңсереміз. 



Меруерт Қанағат, тілші: - Тарихы терең Ыстамбұл, Еуропа тарихындағы алғашқы миллионер-қала. Рим, Византия және Осман империяларының бұрынғы астанасы. Қазіргі Түркияның негізгі сауда, өнеркәсіп және мәдениет орталығы, елдің басты портты қаласы. Қаншама ғасырлық қалада көне ғимараттар көп. Бір жағынан оларды сақтап қалу және табиғаттың тосын мінезіне дайындалу оңай болмайтыны анық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #жер сілкінісі #апат #төтенше жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Кеше 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Кеше 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Кеше 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Кеше 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Кеше 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика