Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Түркияда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтой...

Түркияда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өтті

Білім және ғылым 01.11.2022, 12:44 1,948
Түркияда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өтті
Сурет: Ашық дереккөзі

2022 жылғы 1 қарашада ТҮРKСОЙ аясында Ыстамбұл қаласында (Түркия) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы жүргізіп отырды. Т. Ешенқұлов: «Ахмет Байтұрсынұлы – түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға. Оның ілімі халықаралық ғылыми кеңістікте, әсіресе, түркі әлеміндегі гуманитарлық ғылымдарда реформаторлық идеяларымен ерекшеленеді», – деп  атап өтті.


Конференцияға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Мажидли Физули, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Ыстамбұл университетінің ректоры Махмут Ак, Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына Қазақстан – Түркия бағытында велошеру арнаған аудармашы, журналист Ернат Мелсұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Отандық және Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар баяндама жасады.


Алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор  Тұрсын Жұртбай өз баяндамасында: «Ұлттық тәуелсіз сана туралы идеяның тұғырын Әлихан Бөкейхан саяси тұрғыдан қалыптастырса, Ахмет Байтұрсынұлы соның идеялық негізін тікелей орнықтырды деп есептеймін» десе,  филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова «Ахмет Байтұрсынұлы – отарлауға қарсы тұрған Ұлт ұстазы» атты баяндамасында: «Жазған сөз жаным ашып Алашыма!» деп өзінің өмірлік ұстанымын айқындап алған Ахмет Байтұрсынұлы Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп кеткен бірегей ғалым» деп атап өтті.


Сонымен қатар аталған конференцияда Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы», А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық «Ұстаз жолы: ауыл мұғалімінен Білім министріне дейін», Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы (Өзбекстан Республикасы) Маханбет Жүсіпов «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ және жалпы тілтанымында тіл, тілдесім, тілдесімдік қызмет, тіл материалы ғылыми ұғымдары концепциясының негізін қалаушы», Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы (Қырғыз Республикасы) Ташполат Садықов «А. Байтұрсынұлы және қырғыз тілтаным терминологиясының қалыптасуы», Баку Славян университеті Түркология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы (Әзербайжан Республикасы) Нурида Новрузова «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі тілдеріндегі терминология принциптері туралы» тақырыптарында баяндама жасады.


 Конференция аясында Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін танытуға арналған кітап көрмесі, ұлт ұстазының өмірі мен қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылып, «Қазақ өркениеті және Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.


  Конференция барысында «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» (қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде) кітабының және Халықаралық Түркі академиясы тарапынан ұсынылған Райхан Имаханбеттің «Ғасыр саңлағы» кітабының тұсаукесері өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #Ахмет Байтұрсынов #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика