Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркия Бас консулы Шүкір Гүнайды марапатталды

Түркия Бас консулы Шүкір Гүнайды марапатталды

Әлеумет 04.08.2023, 11:55 981
Түркия Бас консулы Шүкір Гүнайды марапатталды
Суретті түсірген - К.Қонысбаев

«Бұл екі халықтың бауырластығын көрсететін іс. Біз бұнымен мақтанамыз», – деді Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Рыза Акынжы Шүкір (Шүкру) Гүнайды марапаттау кезінде. Естеріңізде болса Шүкір Гүнай есімді түрік азаматы «Ақкент» шағын ауданында болған өртте басын қатерге тіге отырып үш бала мен анасын құтқарып қалған еді.


4 тамыз, түстен кейін Түркияның Алматыдағы Бас консулдығы Шүкір Гүнайды марапатта, оның батылдығы бауырлас халықтардың достығын әйгіледі деп бағалады. Марапаттаудан бұрын Бас консул «Ақкент» ықшам ауданындағы өрттен қаза болған және зардап шеккендердің қайғысына ортақ екенін жеткізді.


Бас консул Али Рыза Акынжы сөзінде: «Өзінің басына төнген қатерге қарамастан адам өмірін сақтап қалу шынында ерлік. Түрік пен қазақ бауырластығының бір көрінісі. Пандемия кезінде және Түркиядағы жер сілкінісі апатында да Қазақстан мен Түркиядағы азаматтар бір-біріне шынайы қолдау көрсетті. Біз тарихымызбен ғана емес, шынайы өмірде де бауырлас екенімізді осындай қиыншылықтарда көрсеткен қолдауларымыз арқылы дәлелдеп келеміз», – деді.



«Мен мұндай марапат пен мақтау болады деп күтпедім. Әрі, солай болса екен деп істеген жоқпын», – дейді Шүкір Гүнай журналистермен кездескенде. Өрт кезіндегі әрекетін түсіндіргенде: «Біз өрт болған жерге жақын маңда құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан болатынбыз. Ондағы азаматтармен бірге көмекке бардық. Өзіміз құрылыс саласында білеміз, қайсы кран қанша биіктікке жететінін. Ондағы кран жоғары қабатқа жетпейтін болғасын, үстіне саты жалғап шықтық. Қауіпті болатыны жайлы ол кезде ойға ештеңе келмеді. Арғы бір үйде балалар бар екенін естіп қарап тұра алмадым», – дейді Шүкір.



38 жастағы Шүкір Гүндай 2009 жылдан бері Алматыға келіп-кетіп жұмыс істеп жүргенін айтты. Әрі тілшілерге қазақ тілінде жауап берді. «Инстраграмда, барлық жерде айтып жатыр екені, ертесінде білдім. Бірақ, мен ол үшін жасамадым, өзімнің де бір қызым бар», – деді сөз соңында.


Оған берілген марапат хатында: « Құрметті Шүкрү Гүнай, 2023 жылдың 1 тамызында Алматы қаласы Ақкент шағын ауданында болған өрт апаты кезінде басыңызды бәйгеге тігіп кейбір қазақ бауырларымыздың өмірін сақтап қалғаныңыз үшін және түрік-қазақ бауырластығына қосқан үлесіңіз үшін алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз» делінген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркия #косул
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика