AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істе...

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлері кездесті

Әлеумет 09.09.2024, 12:16 2,208
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлері кездесті
Сурет: Ішкі істер министрлігі

Шолпан-Атада (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің бірінші кеңесі өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны Ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Жиын алдында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров делегация басшыларымен кездесіп, қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайтудың маңызын атап өтті.

Отырыста ұйымға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің бірлескен жұмысының негізгі мәселелері талқыланды. Қылмыскерлерді іздеу, экстремизмге, есірткі қылмысына, заңсыз көші-қон мен киберқылмысқа қарсы күрес сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Жиын соңында бірлескен Декларацияға қол қойылды.

Кездесуде сындарлы диалог құрылып, маңызды шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ іс-шара аясында Қазақстан Ішкі істер министрінің Әзербайжан және Түркия Республикасы ІІМ басшыларымен екіжақты кездесулері өтті, онда ведомствоаралық өзара іс-қимылдың перспективалары айқындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шолпан-Ата #Түркі мемлекеттері #Ішкі істер министрлері #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика