2025 жылғы 7 қазанда Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Габала қаласында (Әзербайжан) өткен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің XII отырысында сөз сөйледі.
Отырыста Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ үкімет өкілдері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Іс-шарада сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Әзербайжан тарапына жылы қабылдау мен Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде бейбітшілік пен қауіпсіздік тақырыбының мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және мәдени мұраны келешек ұрпаққа сақтау тұрғысынан ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Өз сөзін жалғастыра отырып, Ақтоты Райымқұлова Түркі мәдениеті және мұрасы қорының биылғы жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді:
«2025 жылы біз реставрация, музейлендіру, цифрландыру және тәжірибе алмасубағдарламаларын қамтитын 65 жобаны жүзегеасырдық. Барлық бастамаларымызда бізинтеграцияға, ынтымақтастыққа және бірліккебасымдық береміз. Түркі әлемінің келешегі — 2040» құжаты менАстана саммитінің Декларациясына сәйкес бізалғашқы көптілді Түркі әлемінің мәдени мұрасыКаталогын басып шығардық. Бұл басылымболашақта «Turkic Heritage» («Түркі мұрасы») Цифрлық платформасын құрудың негізі болмақ. Сонымен қатар, Өзбекстан РеспубликасыныңПрезиденті, Жоғары мәртебелі ШавкатМирзиёевтің бастамасымен және Түркімемлекеттерінің басшыларының қолдауымен бізкөптомдық, көптілді Түркі халықтарыныңфольклорлық мұрасының Антологиясын жүзеге асырдық. Біз сондай-ақ Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде«Диуан лұғат әт-Түрк» еңбегінің 950 жылдығына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастырдық",- деді ол.
Қорымыз «Түркі әлемінің келешегі — 2040» және«TURKTIME» құжаттарына сүйене отырып, ЮНЕСКО, ИСЕСКО және түркі ынтымақтастығы ұйымдарымен серіктестік байланыстардынығайтуды жалғастыруда.»
Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, биыл мамыр айында Будапешт қаласында өткен бейресми саммит барысында Өзбекстанның Түркі мәдениеті және мұрасы қорының толыққанды мүшесі ретінде қабылдануы туралы тарихи шешім қабылданған. Бұл оқиға түркі отбасының ынтымағын одан әрі арттыра түсті.
Қор басшысы сондай-ақ Түрікменстанның бақылаушы ретінде қосылуға деген ниеті маңызды қадам екенін атап өтіп, жақын болашақта бұл елдің де түркі отбасының толыққанды мүшесіне айналатынына үміт білдірді.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті өз сөзін түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастық пен бірлікті одан әрі нығайтуға шақырумен аяқтады.