конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және...

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Әлем Бүгін 16:41 45 yakiya
Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

2026 жылғы 30 маусымда Түркі мәдениеті және мұрасы қорының штаб-пәтерінде Түркі әлемі апталығы аясында академик Низами Жафаров, профессор Махира Гусейнова және филология ғылымдарының докторы Айсель Гарабли әзірлеген, Қордың бастамасымен әзербайжан, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Бірінші Түркологиялық съезд» атты ғылыми монографияның тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Айта кету керек, Түркі әлемі апталығы Әзербайжан Республикасы Президенті, жоғары мәртебелі Ильхам Әлиевтің 2025 жылғы 22 қазандағы «Бірінші түркологиялық құрылтайдың 100 жылдығын өткізу туралы» өкіміне сәйкес ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, Бірінші түркологиялық құрылтайдың 100 жылдығына арналған іс-шаралар кешенін өткізу бастамасы 2025 жылғы 7 қазанда Әзербайжан Республикасының Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің XII саммитінде түркі мемлекеттері басшылары тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Ғылыми монографияда 1926 жылы Баку қаласында өткен Бірінші түркологиялық құрылтайдың тарихи миссиясы, оның түркі халықтарының ғылыми және мәдени дамуына қосқан айрықша үлесі жан-жақты қарастырылып, этнография, орфография, терминология, әліпби, тіл және әдебиет мәселелеріне терең ғылыми талдау жасалған.

Іс-шараның ресми бөлімін Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова ашты. Өз сөзінде ол Бірінші түркологиялық құрылтайдың түркі халықтарының ортақ ғылыми және мәдени жадында ерекше орын алатынын атап өтіп, ұсынылған монографияның жалпытүркілік ғылыми ойдың тарихын және бүгінгі күні де Түркі әлемінің бірлігі мен ықпалдастығын нығайтуға қызмет етіп отырған идеяларды қамтитын іргелі ғылыми еңбек екенін ерекше айтты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың, Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің кеңесшісі, Әзербайжан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Орхан Фикретоғлының, Баку мемлекеттік университеті түркология факультетінің деканы, профессор Мәгеррам Мамедовтың, Баку мемлекеттік университетінің Әзербайжан тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тофиқ Гаджиевтің, сондай-ақ «Ədəbiyyat qəzeti» газетінің бас редакторы Азер Туранның сөз сөйлеулерімен жалғасты.

Ресми бөлімнің соңында сөз алған кітап авторлары – Әзербайжандағы Ататүрік орталығының директоры, академик Низами Жафаров, филология ғылымдарының докторы, профессор Махира Гусейнова және филология ғылымдарының докторы Айсель Гарабли ұсынылған монографияның тарихи жадты сақтауға, ортақ рухани құндылықтарды нығайтуға және Түркі әлеміндегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар олар кітапта қамтылған бірқатар қызықты тарихи деректермен бөлісті.

Көркем бағдарламаны жас орындаушы Атилла Гариб «Оттар елі» әнімен ашты. Одан кейін ІХ «Мугам» телевизиялық байқауының финалисі, «Жылдың жас азаматы» сыйлығының лауреаты Юсиф Джафарбейли Сахават Мамедовтың (тар), Михир Гулиевтің (каманча) және Логман Мамедовтың (нагара) сүйемелдеуімен мугам өнерінің үздік үлгілерін орындады.

Айта кету керек, аталған басылым бұған дейін, 2026 жылғы 22 мамырда, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының іргелі ғылыми еңбектерінің тұсаукесері аясында көпшілікке таныстырылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#монография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35

Білім – болашақтың берік іргетасы: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы даму жолына тың серпін береді

Бүгін 16:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);