конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026»...

Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

Спорт Бүгін 13:42 42
Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты
Туризм және спорт министрлігі

Ербол Мырзабосынов Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі аясындағы фиджитал-футбол жарысын тамашалап, қазақстандық командаларға қолдау көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еске салайық, Қазақстанда әлемнің 50 елінен 800 спортшының басын қосқан ірі халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің атынан барлық сегіз спорттық бағыт бойынша 11 команда қатысуда.

Жарысты тамашалау барысында министр «Болашақ ойындары 2026» турнирін өткізудің еліміз үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында бұл турнирдің өтуінің мәні ерекше. «Болашақ ойындары» спорт пен заманауи технологияларды біріктіріп, еліміздің инновациялық даму бағытын айқын көрсетеді.

Турнирге әлем бойынша қызығушылық артып келеді. Бүгінде трансляцияларды көру саны 185 миллионға жетті. Жарыстар 16 тілде көрсетіліп, ондаған халықаралық медиасеріктес пен 100-ден астам стример ақпарат таратуда. Бұл турнирге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырушы ел ретіндегі беделін нығайта түседі.

Турнирдің өтуіне үлес қосып жатқан спортшылар мен волонтерлерге алғысымды білдіремін. Командаларымызға сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетулерін тілеймін», – деді Ербол Мырзабосынов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Бүгін 14:10

Еліміздің мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгереді

Бүгін 12:13

Грант иеленгендер қандай ЖОО таңдады?

Бүгін 11:09

Сенбіде елдің басым бөлігінде қатты ыстық болады

Бүгін 10:05

Алматыда жаңа бизнес идеяларға арналған мемлекеттік грант иегерлері анықталды

Бүгін 10:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);