Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұңғыш Президент күніне орай Жетісуда бірқатар жаң...

Тұңғыш Президент күніне орай Жетісуда бірқатар жаңа нысан ашылды

Әлеумет 01.12.2021, 14:13 1,129
Тұңғыш Президент күніне орай Жетісуда бірқатар жаңа нысан ашылды
Cурет: Алматы облысы әкімдігі

Құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт іске қосылды


Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысында бірқатар маңызды іс-шаралар өтті, мысалы, Іле ауданында қуаттылығы тәулігіне 30 тонна дайын ұнтақ болатын «Дәулет-Бекет» ЖШС құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт іске қосылды. 


Өнімдер отандық нарық пен қоса Ресей, Қытай, Түркия, Германия және Францияға шығарылмақ. Ауданда Мемлекет басшысының  «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 22-ші ауыл әкімдігі «Open space»форматында өз жұмысын бастады.



Ал, Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылында ауылдық мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті. Ғимараттың жалпы ауданы 698,5 шаршы метр. 200 орындық көрермен залы бар. Тағы бір қуаныш мерекеге орай Көксу ауданында 16 метрлік тутұғыр орнатылды. Тұңғыш Президент күніне орай Алакөл ауданында 150 балаға арналған балабақша ашылды. Бүгінгі күні айдынды өлкеде мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілу деңгейі 99,6 пайызға жетті. 


Алматы облыс әкімінің дәстүрлі «Көшбасшы-2021» жастар сыйлығын табыстау мереке қарсаңындағы айтулы жаңалықтың бірі болды. Түрлі салада көш бастап жетістікке жеткен, тыңнан түрен салған Жетісулық жыл үздіктері 20 номинация бойынша марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.  


Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талдықорғанда Қазақ және орыс тілдеріне аударылған Ағылшын авторларының британдық Томас пен Люси Аткинсонның Қазақстанға саяхаты және Ұлы Дала тарихын түрлі кезеңдерде зерттегендердің зерттеулері мен шытырман оқиғалары туралы екі кітаптың тұсауы кесілді. Іс-шараға онлайн-байланыс режимінде ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов қатысып, Қазақстан мен оның халқының тарихына қатысты екі кітаптың аудармасын басып шығарғанын атап өтті.


Сондай-ақ, Ескелді ауданында мерекеге орай Алматы облысында қатарынан 24 рет Ұлттық спорт түрлерінен «Сонар – 2021» республикалық турнирі өтті. Биылғы жылы жарысқа республикадан 11 команда қатысты. 80-нен астам бүркітші өз шеберліктерін көрсетті, олардың арасында халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары бар.


Өңірде мерекеге орай 30 спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Жетісудағы жағымды жаңалықтар мұнымен шектелмейді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өңірде бірқатар ірі инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік-мәдени нысандар ашу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұңғыш президент #зауыт #Түйе сүті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ата-аналарға арналған педагогикалық консилиум өтті

Бүгін 10:46

Таразда автобуста жолаушы жүргізушіні пышақтаған

Бүгін 10:29

Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Бүгін 10:15

Иран үш елге шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін 10:00

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі