Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Салтанатты қарсы алу рәсімі
Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.
Келіссөздер басталды
Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды.
Екі елдің көшбасшылары Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Оқи отырыңыз: Президент пен Режеп Тайип Ердоған әуежай залында аз-кем әңгімелесті