AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұңғыш Президент күніне орай Алматы метрополитені...

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы метрополитені 8 жаңа электр пойызын іске қосты

Әлеумет 01.12.2021, 09:27 1,245 Almaty-akshamy
Тұңғыш Президент күніне орай Алматы метрополитені 8 жаңа электр пойызын іске қосты
Cурет:Әкімдік

4 вагонның құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Тұңғыш Президент күні және Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Осыдан он жыл бұрын, 2011 жылғы 1 желтоқсанда, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитенді ашып, алғашқы жолаушы болды. Содан бері метро жұмысы бір минутқа да тоқтаған жоқ.


 Құрамның ұзындығы – 77,8 м, ең үлкен техникалық жылдамдығы - 90км/сағ. Температура режимі: Цельсий бойынша -35, +40 градус.


 4 вагонның құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауа баптау жүйесімен, жолаушылар салонының флуоресцентті жарықтандыруымен жабдықталған.



Вагондар сонымен қатар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Машинистің кабинадан вагондардың ішіндегі және сыртындағы жағдайды бейнебақылау жүйесі мониторының көмегімен бақылау мүмкіндігі бар.


 Барлық вагондар жолаушыларға бір вагоннан екіншісіне қауіпсіз және ыңғайлы өтуді қамтамасыз ететін ашық типтегі (аралық есіктерсіз) кең вагонаралық өту жолдары арқылы біріктірілген.


 Электр пойыздары жолаушылар үшін де, қызмет көрсетуші персонал үшін де жоғары қауіпсіздік пен жайлы жағдайды, сондай-ақ энергия тұтынудың төмендетілген деңгейін қамтамасыз етеді.



Оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы шығарған вагондар Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген. Бүгінгі таңда метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.


 10 жыл бойы метрополитен тұрақты жұмыс істеп, өзіне жүктелген міндеттерді орындап келеді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұңғыш президент #метро
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);