Алматылықтар ЖСН арқылы сайлау учаскесін онлайн қалай анықтай алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Үйден шықпай-ақ бір минут ішінде сайлау учаскеңізді анықтауға болады:
electorat.almaty.kz сайты: ЖСН немесе мекенжайды енгізу;
@almaty_maslihat_2026_bot Telegram-боты;
eGov Mobile мобильді қосымшасы;
Тәулік бойы жұмыс істейтін 109 бірыңғай анықтама қызметі.
Тіркелген жері бойынша дауыс беру қажет. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжат болуы керек.
Сондай-ақ 41 сайлау учаскесінде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.
Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.