Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Трендтегі Қазақстан, Салық пен халық, «Аватарияда...

Трендтегі Қазақстан, Салық пен халық, «Аватариядан» абай болыңыз!

Саясат 21.02.2024, 11:53 2,084
Трендтегі Қазақстан, Салық пен халық,  «Аватариядан» абай болыңыз!
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарияланған жаңалықтарға шолу – күн керуені


«Болашақтың ойындары»



Осындай атаумен Қазан қаласында халықаралық турнир өтеді. Бұл шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады делінген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт осы турнирдің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.


Қазақ ауылы



Елімізде әлі күнге қазақтар тұратын мекендердің өзінің аты ауыспаған. Кеңес заманының исі бұрқырап тұрған Алматы облысындағы бірқатар ауылға қазақша атау берілді.


Покровка ауылы атауын – Кенен Әзірбаев, Чапаево ауылы – Байкент, ал Междуреченск ауылы – Ақсай деп өзгертеді. Казциков ауылдық округінің Комсомол ауылы – Жайнақ деп өзгертіледі, ал Казцик ауылы – Асқар Тоқпанов ауылы болады. Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округі мен Жалаңаш ауылы сәйкесінше Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып өзгертіледі. Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінде Қызыл-Ту-4 ауылы - Жібек Жолы ауылы болып өзгертілді.


Салық пен халық



Қоғамда дүрбелең тудырған мобильді аударым мәселесі туралы алып-қашпа қауесет көп. 255 мың теңгеден асса, тексеріс жүргізілуі мүмкін деген де ақпарат шықты. Қаржы министрлігі бұл ұсынысты қарастырып жатқан көрінеді. Бір жеке тұлғаның жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын, яғни 255 мың теңгеден асатын келесі үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан банк шотына ақша қаражатын алуы тәуекел өлшемшарты болуы мүмкін.


Трендтегі Қазақстан



Қазақстан кейінгі жылдары шетелдік туристер үшін тренд бағытқа айналды. Мұны еліміздің туризмі туралы әлемнің ірі басылымдарында жарық көріп жатқан ақпараттардан да байқауға болады. Жуырда америкалық әйгілі Travel+Leisure журналының Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бөлімшесі Қазақстан туризмі туралы шетелдік саяхатшыларға арналған нұсқаулық жариялады. «Не істеу керек, қайда тұру керек және қандай тағамдар бар: Қазақстан бойынша ең үздік маршрут» деп аталатын репортажда көптеген қызықты мәлімет жарияланған. Тіпті, аталған мақаланың мазмұны ел тұрғындарының да қызығушылығын тудырды.


«Жаралы сезімдердің» жалғасы



17 жылдан соң режиссер Еркін Рақышев фильмнің екінші бөлімін түсірді. Фильмнің  желісі бойынша, сол кездегі ғашықтар – Қанат пен Арайдың баласы Азамат есейіп, есірткіге тәуелді болады. Өзі де оны сатумен айналысады. Кафеде кездестіріп қалған қызға ғашық болады. Оқиға осы жерден басталады. Фильмнен көрермен Қанат, Иван, Сократ сынды кейіпкерлерді сомдаған актерлерді қайта көре алады. Фильм 22 ақпаннан бастап барлық кинотеатрдан көрсетіледі.


«Аватариядан» абай болыңыз!



Алматыда алты жасар бала ағаларымен бірге ойын-сауық кешенінде батутта көңіл көтеріп, жасырынбақ ойнап жүріп, шахтаға құлап кеткен. Әбдірахманның ата-анасы сегіз жыл күткен ұлынан айырылып қала жаздады. Бала «Аватария» ойын-сауық кешенінде шахтаға құлап, жарақат алып,  башпайлары сынған. Миы шайқалып, қолтық астындағы бұлшықеттеріне зақым келген. Ол бір ай бойы жүре алмай, мүгедектер арбасында отырды.


Тілі құрыған халық



Әлемде әр екі апта сайын бір тіл жойылып отырады. 1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы жариялаған Халықаралық ана тілі күні (International Mother Language Day) 2000 жылдан бастап жыл сайын 21 ақпанда тілдік және мәдени әртүрлілік пен көптілділікке ықпал ету мақсатында атап өтіледі.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тренд #Қазақ #ауыл #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі