AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тредстегі трендтер: өткен аптада ел арасында қанда...

Тредстегі трендтер: өткен аптада ел арасында қандай даулы жайттар болды?

Барлығы 18.08.2025, 11:30 961 Дина
Тредстегі трендтер: өткен аптада ел арасында қандай даулы жайттар болды?
сурет: ЖИ

Тредс желісі бүгінде қоғамда белсенді платформаға айналды. Онда елімізде болып жатқан кейінгі жаңалықтардың біршама легі жиі талқыланып жатады. Сонымен өткен аптада ел аузында не айтылды? Аqshamnews.kz тілшісі жинақтап көрді. 

600 мың теңгелік торттың жыры 

Кондитер Нұршат Ақбергенова 18 келі мерекелік тортқа 440 мың теңге шығындалып, еңбекақы ала алмағанын айтып Тредсте шағымын жазды. Оның сөзінше, тапсырыс беруші - блогер Әселина Батыр тортты алып кеткенімен бір апта өтсе де, төлем жасамаған және кейін әлеуметтік желіде оны бұғаттап тастаған.

Ал Әселина өз кезегінде 100 мың теңгесін төлегенін, бірақ торттың бағасы алдын ала келісілмегенін, кейін 600 мың теңге көлеміндегі шот келгенін алға тартып, мұны дұрыс емес деп бағалады. Қазір екі тарап әлеуметтік желіде өз ұстанымдарын жариялап, қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кейін кондитер блогерді сотқа берді. 

Фариза Төреәлі жұртқа неге жақпай қалды?

Белгілі әнші Төреғалидің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі авторлық кітабын шығарамын деп басы дауға қалды. Мәселенің бәрі кітаптың бағасына келіп тірелді. Ол өзінің еңбегін 10 мың теңгеден саудалады. Ал жұрт оның бұл шешіміне келіспей, "кітап үшін тым қымбат баға" деп, жерден алып, жерге салды. Тіпті кейбірі көркем әдеби шығармалармен салыстырып, бағасының одан қымббаттығын айтып, сынап тастады.



Сондай-ақ блогердің білім деңгейі мен тәжірибесін сөз еткендер, “Фариза кітап жазатындай арнайы білімі жоқ, мектептен кейін бірден тұрмыс құрды, бакалавр да бітірмеді, Америкада жүргенде де тек брендтерді насихаттады” деп айыптап, кітап жазуын орынсыз деп санады.

"Қайраттай ұлдың анасы" байлықтың иісін сатып жатыр 

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова жеке бизнесін бастап, шаш күтіміне арналған сусабын шығаратынын жариялады. Ол бұрын қолданып жүрген өнімдердің көңілінен шықпағанын айтып, жаңа сусабынды Қазақстандағы “№1 өнім” деп таныстырды. Өз сөзінде бұл тауарға өзінің энергиясы мен “байлықтың иісін” сіңдіргенін, Қайрат Нұртас сияқты ұлды дүниеге әкелген алтын құрсақты ананың еңбегімен байланыстырып, жоғары құндылыққа ие екенін ерекше атап өтті.

Алайда жұрт оның сусабынды осылай дәріптеп, артық жарнамалауын жақтырмай қалды. Айдарбекованың бұл әрекеті Тредсте түрліше әзілге айналып, елдің сынына қалды. 

Аңдамай сөйлеген Айсұлтан

Танымал сценарист Айсұлтан Қалиевтің де басы дауға қалды. Ол Тредсте "зинаны тоқтатпасақ, ертең оннан тоғызы ДЦП туады. Содан білім де жоқ, денсаулық та жоқ, әскер де жоқ, боқ та жоқ" деп жазып, ерекше балалардың ата-анасының шамына тиді. 

Кейін ол айтқан пікірін тәржімалауға тырысқанымен, Роза коуч сынды белсенді блогерлер де оның ойымен келіспейтінін айтып, тіпті кейбірі сотқа беретіндерін жазды. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тредс #Әлеуметтік желі #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);