AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Травматолог көктайғақтағы сақтық шараларын айтты

Травматолог көктайғақтағы сақтық шараларын айтты

Мұны білген жөн 17.12.2025, 14:39 1,073
Травматолог көктайғақтағы сақтық шараларын айтты
depositphotos.com

Қыс мезгілінде көктайғақ салдарынан тайып құлап, жарақат алатындар көбейеді. Сондықтан қарапайым сақтық ережелерін сақтау – өз қауіпсіздігіңізді қорғаудың ең тиімді жолы. №7 қалалық ауруханасының травматолог дәрігері Жасұлан Арғынбаев көктайғақ кезінде назар аударатын негізгі кеңестерді бөлісті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

№7 қалалық ауруханасының травматолог дәрігері Жасұлан Арғынбаев

Дұрыс аяқкиім – қауіпсіздіктің басты шарты

Маман ең алдымен ыңғайлы, табаны таймайтын аяқ киім таңдауды ұсынады. Табаны кедір-бұдыр, жұмсақ резеңкелі аяқ киім сырғанау қаупін азайтады.

Қалай жүру керек?

Көктайғақта жүру техникасы да маңызды:

  • Асықпай жүріңіз; 
  • Табанды толық басыңыз, аяқтың ұшымен жүруден сақтаныңыз;
  • Екі қолды бос ұстаңыз (қолды қалтаға салмаңыз);
  • Денеңізді сәл алға еңкейтіп жүріңіз – тепе-теңдік сақтауға көмектеседі.

Тайып құлап бара жатсаңыз не істеген дұрыс?

Дәрігердің айтуынша, құлап бара жатқанда жарақатты жеңілдетудің де тәсілі бар.

"Тайып құлаған жағдайда жарақат ауыр болмауы үшін бір жақ жаныңызбен құлауға тырысыңыз. Ең бастысы – сабыр сақтап, бірден атып тұрып кетпеу керек", – дейді травматолог Жасұлан Арғынбаев.

Құлағаннан кейін:

  • алдымен қол-аяқ буындарыңызды қимылдатып, қатты ауырсыну жоқ-жоғын тексеріңіз
  • бәрі дұрыс екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жайлап тұрыңыз;
  • сыну белгілері (қатты ауырсыну, ісіну, қозғалтқанда күшею, аяқ-қолдың қалыптан тыс қисайуы) байқалса, дереу 103 нөміріне хабарласыңыз.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көктайғақ #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);