Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша баст...

Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша бастамалар қолдау тапты

Әлеумет 11.03.2022, 06:41 1,399
Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша бастамалар қолдау тапты
Сурет: Rbc.ru

Бұл бағдарды одан әрі дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қойылды.


Қазақстан  Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


ҚР ИИДМ басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында екенін атап көрсетті. Қазір оның әлеуетін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.



«2022 жылы бұл бағытта 30 мыңнан астам ЖФЭ тасымалдау бекітілген.  Қазіргі жағдайды ескере отырып, ол 2 есе ұлғаюы мүмкін. Қазақстандық экспорттаушылар биыл ТХКБ-ге басқа бағыттардан 2 млн тоннаға дейін жүк жөнелтуді жоспарлап отыр. Оның ішінде мұнай өнімдері, металл өнімдері және көмір бар. Тиісті көлемді 4 млн тоннаға дейін арттыруға болады», - деді министр.



Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, ТХБК бойынша екі бағытта 10 млн тоннаға дейін, оның ішінде 200 мың контейнерге дейін тасымалдауға болады. Олар: Ақтау/Құрық – Баку(Алят) – Әзірбайжан теміржолдары – Грузия теміржолдары - Батуми/Поти порты және әрі қарай Қара теңіздегі Варна/Бургас (Болгария) немесе Констанцаға (Румыния);


Ақтау/Құрык – Баку (Алят) – Әзірбайжан теміржолдары – Грузия теміржолдары (Баку-Тбилиси-Карс бағыты) – Түркияның Қара теңіздегі және Жерорта теңіздегі порттары арқылы.


Сондай-ақ, министр болжанған көлемді тасымалдау үшін 2022 жылғы 9-10 наурызда ҚР ИИДМ Әзірбайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігінің және Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің өкілдерімен кездесулер өткізгенін хабарлады.


Баку қаласында мүдделі министрліктер Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 2022 жылға арналған тасымал жоспарын талқылап, автомобильмен орындалатын жүк тасымалдарын дамыту және ТХКБ дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы уағдаласты. Бірлескен кәсіпорын тариф белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT шешімдер қолдануға және аталған бағытта транзит жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, уағдаластықты іске асыру үшін арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.



«Тбилиси қаласында өткен кездесуде Грузия тарапы ТХКБ-ны ілгерілету үшін бірлескен логистикалық компания құру жөніндегі қазақстандық бастаманы қолдады. Кездесу қорытындысында бұл бағдарды одан әрі дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қойылды», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүк #тасмалдау #Қазақстан #грузоперевозка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика