Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Төрт тарихи субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді

Төрт тарихи субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді

Барлығы 11.04.2025, 15:37 717
Төрт тарихи субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді
Сурет: Самат Құсайынов

Бүгін қалалық субұрқақтарға арналған пресс-тур өтті. Қаладағы тарихи маңызға ие субұрқақтарға жасалған пресс-турды Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының ұйымдастырған болатын.

Онда БАҚ өкілдері алғаш рет жер астындағы техникалық бөлмелерді аралап, ескі инфрақұрылыммен және жоспарланған жөндеу жобаларымен танысты. 

Коммуналдық меншіктегі төрт ірі субұрқақ – Шығыс және Батыс субұрқақтары, Республика алаңындағы басты субұрқақ және Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы субұрқақ та биыл алғаш рет кешенді реконструкциядан өтеді.  

Қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Батырхан Сүлейменовтің айтуынша, жобаның бастапқы құны 8 млрд теңгені құраса, кейіннен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен шығындар оңтайландырылып, сома 6 млрд теңгеге дейін қысқартылған. Мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша келісімшарт 5,130 млрд теңгеге жасалып, үнем 3 млрд теңгені құрады.

– Құрылыс шығындарының 65-70 пайызы құрылыс-монтаж жұмыстары мен заманауи еуропалық жабдықтарға жұмсалады. Субұрқақтар үшін испандық Fluidra компаниясының, сондай-ақ Германия мен Италияда өндірілген сапалы құрылғылар қолданылады. Жабдыққа 5 жылдық кепілдік пен 3 жыл техникалық қызмет көрсету қарастырылған, ал қызмет ету мерзімі – 15 жыл», — деді Батырхан Айбатұлы.

Жөндеу жұмыстары барысында гидрооқшаулауды жаңарту, инженерлік желілерді ауыстыру, автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу, жарықтандыру, сорғы және сүзу жүйелерін толықтай жаңғырту жоспарланған. Субұрқақтардағы су тазарту процесі хлордың орнына белсенді оттегі генераторы арқылы жүргізілетін болады.

Субұрқақтардың тарихи және сәулеттік ерекшеліктерін сақтау жобаның басты басымдығы. Гранит плиталары мен табиғи тастар бұрынғы қалпында қалдырылып, эстетикалық бейнесі сақталады.

Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Эко Алматы» ЖШС директорының орынбасары Рүстем Мұхаметжанов қазіргі таңда қалалық 66 субұрқаққа қызмет көрсетілетінін атап өтті.
 
«Біз субұрқақтардың санитарлық жағдайын, техникалық жүйелерін, су тазалау және консервациялау жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі таңда 45 қызметкер, соның ішінде 8 электрик, 7 сантехник пен дәнекерлеуші жұмыс істейді. Жөндеу аяқталғаннан кейін де біз қызмет көрсетуді жалғастырамыз», — деді ол.

Жоба инженерлік инфрақұрылымды жаңартып қана қоймай, тарихи келбетті сақтауға да басымдық береді. Жаңарту жұмыстары сәуір айында басталып, қазан айында – Алматы күніне дейін аяқталады деп жоспарлануда. Осылайша жаңартылған субұрқақтар Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи демалыс орнына айналады.


 
«Ақшамның» анықтамасы: 
Қайта жаңғыртылып жатқан субұрқақтардың барлығы да Алматы қаласының маңызды сәулеттік нысандарының құрамдас бөлігі болып табылады. Шығыс және Батыс субұрқақтары мен Республика алаңындағы субұрқақтар 1979 жылы, ал Ғ.Мүсірепов атындағы театр алдындағы субұрқақ 1962 жылы салынған. Бұған дейін оларға тек косметикалық жөндеулер жүргізілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #субұрқақтар #реконструкция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика