конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қа...

Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Ресми бөлім Бүгін 18:45 43
Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы рәсім барысында Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы саясаты, инвестициялық әлеуеті және елдегі саяси реформалар туралы айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентіне тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Молдова Республикасының елшісі Игорь Молдован, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Тхань Ле Нгуен, Корея Республикасының елшісі Ки Хон Чжон, Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Лунгисани Доминик Нтомбелла, Словакия Республикасының елшісі Любомир Регак, Германия Федеративтік Республикасының елшісі Хайке Ренате Пайч, Әзербайжан Республикасының елшісі Алимирзамин Аскеров, Словения Республикасының елшісі Бранко Раковец және Намибия Республикасының елшісі Моника Ндилявике тапсырды.

Қазақстан бейбіт сыртқы саясат ұстанымынан айнымайды

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырғанын атап өтті.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан қазіргідей аса күрделі геосаяси жағдайда бейбіт сыртқы саясат жүргізіп келеді. Біз бейбітшілік салтанат құруға тиіс деп санаймыз. Сондықтан Орталық Азияда да, одан тысқары жерлерде де бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап, ынтымақтастықты өрбіту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның елшілер өкілдік ететін мемлекеттермен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты. Оның сөзінше, көпжақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

Қазақстан шетелдік инвесторларға есігін ашық ұстайды

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларға Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту бағытындағы жетістіктері туралы да мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шетелдік кәсіпкерлер мен ірі халықаралық компаниялардың елде жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау саясатын жалғастыратынын атап өтті.

Біз елімізге шетел инвестициясын тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Әлбетте, Қазақстанға келіп жұмыс істегісі келетін шетелдік кәсіпкерлерді және ірі компанияларды құшақ жая қарсы аламыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің нарықта ірі халықаралық компаниялардың басым бөлігі қызмет етеді. Бұл саясаттан айнымайтынымызға сенімдімін. Шетелдік инвестицияға қатысты ашық есік саясатын дәйекті түрде жалғастыруға ниеттіміз, – деді Президент.

Саяси реформалар жалғасады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформаларға да тоқталды.

Президенттің айтуынша, бұл өзгерістердің қисынды жалғасы тарихи Құрылтай сайлауы болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі түбегейлі өзгерістер халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Астананың елшілер өкілдік ететін мемлекеттермен достық қарым-қатынасты нығайтып, сан қырлы ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін растады.

Президент сондай-ақ елшілер арқылы олардың мемлекет басшыларына өзінің жылы лебізін жеткізуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#елші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеу ауданындағы Құрмет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:11

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Мұратбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:42

Қазақстанның атом саласын дамыту - энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Бүгін 17:26

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:21

Экраннан экранға: «Baiqonyr-2026» фестивалі не ұсынады?

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);