AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тоқаев тапсырма берді: "Бағанашылдағы" балалар Алм...

Тоқаев тапсырма берді: "Бағанашылдағы" балалар Алматыда қалатын болды

Барлығы 21.07.2025, 11:52 492 Сұлу
Тоқаев тапсырма берді: "Бағанашылдағы" балалар Алматыда қалатын болды
instagram.com/detdom_baganashyl

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. 

"Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және бұл нысанды қаланың балансына алуды тапсырды", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

"Бұл жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін не болған еді?

2025 жылғы наурызда №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері өз мекемесінің Алматыдан Қонаевқа көшіріліп жатқанын айтып шағымданды. Қоғам белсенділері Алматының элиталық аудандарының бірі – Бағанашылдағы қымбат жер телімі құрылыс компанияларының көзіне түсіп, олар тұрғын үй кешенін салғысы келеді деп мәлімдеді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевтағы жаңа ғимаратқа көшірмеуді сұрап, видеоүндеу жариялады.

Еске салайық, кеше Алматы облысының әкімдігі "Бағанашыл" балалар үйіне қатысты пікір білдірген еді. 

Таратылған ресми мәліметке сәйкес, Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйі Алматы облысының меншігінде және ұзақ уақыт бойы облыстық құрылымдардың басқаруында болған. Ғимарат апатты деп танылғанына байланысты жер телімін Алматы қаласының балансына беру туралы шешім қабылданған.

"2020 жылы "БиС Проект" ЖШС жасаған қорытындыға сәйкес, ғимаратқа күрделі жөндеу қажет болған. Алайда оны қалпына келтіруге қаражат бөлінбеді. 2024 жылы "Астанақұрылыссервис" ЖШС жүргізген жаңа тексеріс нысанның толықтай пайдалану үшін жарамсыз екенін растады. Сонымен қатар, сейсмикалық аймаққа қатысты қауіптер де анықталды", – деп хабарлады әкімдік.

Облыс әкімінің қаулысы мен Білім басқармасының бұйрығына сәйкес, балалар үйінің тәрбиеленушілерін кезең-кезеңімен Қонаевтағы жаңа балалар үйіне көшіру жоспарланып отыр. Әкімдіктің мәліметінше, 180 орындық заманауи жаңа ғимарат жеке инвестициялар есебінен салынып, мемлекет меншігіне берілген.

"Ол барлық нормативке сай және балалардың тұруына, оқуы мен дамуына қажет жағдайлармен толық жабдықталған", – деді әкімдік өкілдері.

Әкімдік өкілдері қабылданып жатқан шаралар балалардың қауіпсіздігіне, сапалы білім алуына және қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті.

Шенеуніктер мәліметінше, Балалар үйі тұрған жер теліміне жеке инвестордың тұрғын үй кешенін салу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Бұл жер телімі Алматының коммуналдық меншігіне беріледі", – делінген хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бағанашыл #Балалар үйі #Тоқаев #Қонаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Найзағай, жел: дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:24

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Кеше 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Кеше 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Кеше 13:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);