Комиссия жеті күн ішінде тексерудің алғашқы нәтижесін баяндауы тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жұмысына кешенді тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
26 қыркүйектегі өкімге сәйкес, арнайы комиссия министрліктегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізеді.
Комиссия төрағасы болып Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева тағайындалды.
Оның орынбасары қызметін Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов атқарады.
Комиссия құрамына сондай-ақ:
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев;
Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов;
Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы Мұрат Баймұқашев;
Қаржы министрі Мәди Тәкиев;
Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев;
ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаев;
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин кірді.
Комиссия жеті күн ішінде тексерудің алғашқы нәтижесін баяндауы тиіс.
Өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Еске сала кетсек, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде болған. Жел күшейген сәтте әскери қызметшілер суға кеткен. Теңізге кеткен 17 адамның 14-і қаза тапты.