AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тоқаев Қазақстан шахмат федерациясының президентін...

Тоқаев Қазақстан шахмат федерациясының президентін қабылдады

Әлеумет 23.01.2023, 12:17 1,007
Тоқаев Қазақстан шахмат федерациясының президентін қабылдады
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шахмат шеберлерінің халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді


Мемлекет басшысы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады. Кездесу барысында елімізде шахматты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақорданың ресми сайтының жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясымен (FIDE) бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық турнирлердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.


Тимур Турлов федарацияның алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты. Атап айтқанда, федерация еліміздегі шахмат секцияларының санын 2 есе, яғни 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтуды, шахматты одан әрі дәріптеу жұмыстарын жалғастыруды, осылайша зияткерлік ұлт қалыптастыруға үлес қосу жөніндегі Президент тапсырмаларын орындауды көздейді. Сондай-ақ федерация Қазақстан құрамасы көшбасшыларының әлеуетін танытуды, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп отыр.


Мемлекет басшысына әлем чемпионы атағы үшін биыл 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада өтетін шахмат жарысына даярлық барысы туралы баяндалды.


Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шахмат шеберлерінің халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, елімізде әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен ірі жарыстар ұйымдастыру балалар мен жастар арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шекара инфрақұрылымының өткізу қуаты артты

Бүгін 09:03

Алматыда пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеуге бағытталған экологиялық акция өтті

Бүгін 08:59

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық есуден Азия ойындарының чемпионы атанды

Бүгін 06:41

Алматыда көгалдандыру және абаттандыруға арналған халықаралық конференция өтуде

Кеше 19:19

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

Кеше 18:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);