Тоқаев пен Пашинян бірнеше құжатқа қол қойды

  • 14:11, 21 қараша 2025
Тоқаев пен Пашинян бірнеше құжатқа қол қойды Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мен Армения премьер-министрі Никол Пашиняннің қатысуымен ресми делегация мүшелері төмендегідей үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы және Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы;

4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі мен Армения Республикасы Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Армения Республикасы Экономика министрлігі арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда-саттығы жөніндегі ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Армения Республикасы Сырты істер министрлігі арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2026-2027 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспары;

9. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Арменияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Қазақстан-Армения Іскерлік кеңесін құру туралы келісім;

10. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Арменияның Ұлттық кітапханасы" мемлекеттік коммерциялық емес ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

11. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КеАҚ пен Арменияның Кино қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

12. Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі мен "Арменияның Ұлттық галереясы" арнайы ғылыми-зерттеу бірлестігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

13. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

14. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы ғылым және жоғары білім саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

15. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:50

22:13

17:51

17:40

17:28

17:15

17:01

16:51

16:48

16:34

16:25

16:08

15:53

15:48

15:31

15:26

15:25

15:12

14:31

14:14

14:01

13:50

13:40

13:16

13:04