AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарғ...

Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды

Оқиға 23.07.2025, 10:18 783
Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды
Астана әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды", - делінген хабарламада. 

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек. 
 
Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды.
Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда науқас жеке емхананың дәрігеріне шабуыл жасаған болатын. Оқиға дәл медициналық мекеме ғимаратында болған.

Қостанайда облыстық ауруханада хирург аяусыз соққыға жығылды. 

Дәрігерге шабуыл жасаған күдікті екі айға қамауға алынды. Денеге ауыр зақым келтіргені үшін ол 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #медицина #Медицина қызметкерлері #Шабуыл #Жаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);