AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады

Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады

Саясат 27.01.2026, 16:41 284 Дина
Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады
сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саарды қабылдады, деп хабарлайды   Aqshamnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды.

Кездесуде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ықпалдастықты жандандыруға, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, сондай-ақ басқа салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілді.

Президент Гидеон Саардың Астанаға сапары аясында Қазақстан-Израиль бизнес форумын өткізуді қолдап, оның қорытындысы екі елдің инвестициялық серіктестігін кеңейтуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сыртқы істер министрі Израильдің Қазақстанмен мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға және өзара байланыстарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.

Гидеон Саар Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген шешімі ретінде бағалады. Бұл тұрақтылықты, бейбітшілікті және халықаралық диалогты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Израиль сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, аталған бастамаларды табысты жүзеге асыруға тілектестік білдірді.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #израиль #Израиль президенті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика