AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тоқаев: Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері 2024 жыл...

Тоқаев: Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері 2024 жылы жұмыс істей бастайды

Әлеумет 07.12.2022, 10:45 1,269
Тоқаев: Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері 2024 жылы жұмыс істей бастайды
Сурет: Egemen.kz

Бизнесті негізсіз басы артық бақылауға, қылмыстық қудалауға жол жоқ.


Биыл бизнесті негізсіз қудалаудан қорғау шараларының арқасында 60 мың кәсіпкерге салынған 700 млн теңге айыппұлдың күші жойылған. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері іс жүзінде 2024 жылдан бастап жұмыс істей бастауы керек.Екінші – бизнестік тексеру және қылмыстық қудалау. Мен бұған дейін де бизнесті негізсіз басы артық бақылауға, қылмыстық қудалауға жол жоқ екенін айтқанмын. Бұл – менің нық ұстанымым. Бұл бағытта біз кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден арашалап, қылмыстық қудалаудың орбитасына негізсіз тартуды болдырмау үшін шаралар кешенін қабылдадық», - деді Мемлекет басшысы.



Ал кәсіпкерлерді негізсіз қыспаққа алған 1000-нан астам шенеунік жазаланған.



«Биыл 60 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 700 млн теңгедей заңсыз айыппұлдан босатылды. 1200 тыйым салу, шектеу шараларының күші жойылды. Кәсіпкерлерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттері үшін мыңнан астам лауазымды тұлғаның жазаланғаны маңызды», - деді Президент.



Айта кетейік, осынау салтанатты шара аясында үздік деп танылғандарға «Қазақстанның үздік тауары», «Qazaqstan Project Management Awards -2022», «ТМД бойынша сапа саласындағы 2021 жылдың сыйлығы» сияқты кәсіпкерлік бағыттағы марапаттар да табысталды.


Сондай-ақ, «АруАна», «Бизнес Кемелдiлiк», «Іскер», «Ұлы дала елі» сыйлықтарының жеңімпаздары да марапатталды.


Биыл «Алтын сапа» сыйлығына 281 үміткер өтінім тапсырған. Сарапшылар соның ішінен ірі, орта және шағын бизнес бойынша 14 бизнес нысанын 4 аталым негізінде іріктеп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика