AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін:...

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Алматы 05.10.2026, 17:44 868
Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет – 2026» бағдарламасы аясында тағы бір аумақты көркейту жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы Бұрындай көшесі, 173д/19 мекенжайында ойын ойнауға, спортпен айналысуға, демалуға және отбасымен уақыт өткізуге арналған толыққанды қоғамдық кеңістік пайда болды. Бұған дейін мұнда шағын ғана балалар алаңы болған.

Енді мұнда футбол алаңы, екі балалар ойын алаңы, воркаут аймағы және демалуға арналған екі жайлы орын бар. Тұрғындар үшін 11 ойын элементі, 14 орындық, 14 қоқыс жәшігі және екі пергола орнатылды.

Аумақтың өзіне де ерекше көңіл бөлінді. Мұнда 3 мың шаршы метрге жуық жаңа брусчатка төселіп, резеңке және асфальт жабындары жаңартылды. 2 мың шаршы метрге жуық жерге көгал төселіп, гүлдер мен бұталар егілді.

Жасыл желекті күтіп ұстау үшін ұңғымамен жабдықталған автоматты суару жүйесі орнатылды.

Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында осындай жұмыстар 25 аумақта жүргізіліп жатыр. Кейбірінде жоба аяқталса, енді бірінде жұмыс қызған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап арқылы жалғасқан мәдени байланыс: халықаралық күзгі мектеп қорытындыланды

Бүгін 22:39

Астанада ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін 19:38

Қазақстан Халық Кеңесі Павлодарда кәсіподақтармен кездесу өткізді

Бүгін 19:33

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

Бүгін 19:15

Мақта, жылыжай, жергілікті өндіріске арналған өнеркәсіп паркі: Серік Жұманғарин Түркістан облысы өндірушілерінің жұмысымен танысты

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);