AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болаша...

Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» халықаралық форумына қатысушылармен кездесті

Билік 11.09.2025, 14:33 659
Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» халықаралық форумына қатысушылармен кездесті
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Басқосуға Венеция комиссиясының президенті Клэр Бази Малори, БАӘ Жоғарғы федералдық сотының төрағасы Мұхаммед Хамад Мұхаммед әл Бади әл Захри, Африка конституциялық юрисдикция органдары конференциясының төрағасы Люк Малаба, Моңғолия Конституциялық сотының төрағасы Байасгалан Гунгаа қатысты.

Мемлекет басшысы елімізге сапармен келгені үшін меймандарға ризашылығын білдірді. 

– Біз басқа мемлекеттердің озық конституциялық саясатымен бірге Венеция комиссиясының шешуші рөлін және оның үлгілі заң тәжірибесін бағалаймыз. Бұл – демократия институттарының дамуын айқындау және адам құқығына кепілдік беру ісіндегі басты бағдарымыз. Биыл Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толды. Осы орайда, аталған құжаттың жаһандық сын-қатерлер кезіндегі әлеуметтік үйлесімді, тұрақтылық пен қарқынды дамуды қамтамасыз ететін негізгі қызметін атап өткім келеді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қолға алынған ауқымды саяси, экономикалық және конституциялық реформалар жайында айтты. Президент Ата заңға енгізілген өзгерістер өкілді билік тармағы мен құқық қорғау институттарының рөлін нығайтып, атқарушы биліктің есеп беру міндетін күшейткенін жеткізді. Қайта жаңғырған Конституциялық сот әділ сот төрелігіне кеңінен жол ашты. 
 
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда «Заң және тәртіп» қағидаты іске асырылып жатыр. Құқықбұзушылыққа қатысты жаза мен жауапкершілікті қатаңдатумен қатар халықтың құқықтық мәдениеті біртіндеп артып келеді.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Ақорда #сот #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика