AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Той салығына қатысты дауға нүкте қойылды

Той салығына қатысты дауға нүкте қойылды

Әлеумет 27.03.2025, 16:40 696
Той салығына қатысты дауға нүкте қойылды
Cурет: Astanatv.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) соңғы күндері қоғамда қызу пікірталас тудырған “тойға салық салына ма?” деген мәселеге ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Комитеттің мәлімдеуінше, әңгіме той иелері туралы емес, той қызметіне байланысты табыс тауып жүрген азаматтардың салық міндеттемелері жайында болып отыр.

МКК мәліметінше, бұл мәселе – жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркелмей, сауда-саттықпен немесе басқа да коммерциялық қызметтермен айналысатын тұлғаларға қатысты. Яғни, тойда қызмет көрсетіп, бірақ салық төлемейтін жүргізушілер, фотографтар, тамадалар, әншілер мен басқа да азаматтар туралы сөз қозғалып отыр.

Комитет жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау бойынша салықтық әкімшілендіруді олардың қызметіне қарамастан үнемі жүргізіп отырады, – делінген ресми жауапта.

Сондай-ақ, салықтық әділеттілік қағидатына сай, табыс тапқан кез келген адам мен кәсіпкер жалпы негізде салық төлеуге міндетті. Бұл ретте «камералды бақылау салық салуға жататын табыс алатын барлық тұлғаларға қатысты бірдей түрде жүргізіледі», – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Осылайша, ведомство қоғамда тараған «той жасағандарға жеке салық салынады» деген ақпаратты жоққа шығарып, басты мақсат – көлеңкелі экономикамен күрес және табысты жасырмай, салықтық міндеттемені орындау екенін нақтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік кірістер комитеті #той салығы #Дау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін 18:15

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Бүгін 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Бүгін 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);