Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Той ма, шоу ма? Ел аузында қалған ерекше тойлар то...

Той ма, шоу ма? Ел аузында қалған ерекше тойлар топтамасы

Әлеумет 10.06.2025, 10:00 889
Той ма, шоу ма? Ел аузында қалған ерекше тойлар топтамасы
Сурет: aqshamnews.kz коллажы

Жаз келді - демек, қазақ үшін той маусымы ресми түрде ашылды деген сөз. "Жиған-тергенің тойға шашылсын" дейтін қазақ халқы қуаныш болса, кеңінен көсілуді әдетке айналдырған. Әр той – ерекше сән-салтанат, әр асаба – өзінше шоу жасайды, ал кейде тіпті тойлар күтпеген оқиғаларға толы болады. Aqshamnews.kz тілшісі тойдағы казустар мен ел есінде қалған ерекше сәттерді жинақтап, назарларыңызға ұсынады.

"Титаник" тойда жалғасын тапты

Түркістанда болған мерейтойдың видеосы көптің талқысына түсті. Видео авторы қайықтағы ата мен апаның 63 жас мерейтойын атап өтіп жатқанын жазды. Бейнеден зейнеткер ата-апа ағаш қайықпен мейрамхана залына кіріп келе жатқанын байқауға болады. Ал көрген жұртқа қайық "жүзіп бара жатқандай" әсер қалдырады. 

Көпшілік бұл видеоға "қазақтар қуайын деді", "Ди Каприо жолда қалсын", "не деген фантазия", "Титаниктің жалғасын түсіріп жатыр ма?" деп пікір қалдырған. 

Сәкен Майғазиевтің келіні "ерекше" ұзатылды

Соңғы уақытта ел аузында жүрген оқиғалардың бірі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйленуі. Әсіресе ақтаулық келінінің кілемге отырып, мейрамханадан аяғы жерге тиместен ұзатылып шыққаны бейнеленген видео елдің сөзіне қалды. Жұрт бұл дәстүрге таңғала қарап, "Аладдин ұқсап ұшырайын деді ме?", "кілемге отырғызғаны несі?", "мұндай да бола ма?" деп жарыса пікір жазды. 

100-ге жуық өнерпаз өнер көрсеткен той

4 сағаттық той үшін тұтас бір ансамбль мен оркестрді жалдар ма едіңіз? Той емес шоу болған думанды кеш биыл Шымкентте өтіп, жұрттың жағасын ұстатты. Жас жұбайлар үйлену тойларына симфониялық оркестр, 30 қыздан тұратын би ансамбльін, бір топ этно-әншілерді жалдаған. 

Жұрт бұл тойды "ғасыр тойы" деп атап, "мынандай той елімізде болмаған шығар?", "не деген ысырап", "осындай дарақылық неге керек?" деген пікірлер жаудырды. 

20 миллиондық торт және Нұрлан Сабуров жүргізген кеш

Блогер DARICORN-ның тойы да былтыр біраз жерді шулатқан еді. Ақ түсті дресс-код, 20 миллион теңгелік торт, танымал жұлдыздардың қатысуы мен Ресейден арнайы келген Нұрлан Сабуровтың кешті жүргізуі елді елең еткізді.

Бірі "өз ақшасы – өз еркі" десе, енді бірі "мұндай дарақылықпен мақтану орынсыз" деп сынады. 

Ақтауда балабақша бүлдіршіндерінің бітіру кеші тойға айналды

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіндердің қоштасу кеші хан сарайындай мейрамханада дүркіреп өтті. Ата-аналар лимузин, оркестр, асаба жалдап, кешті кәдімгі үйлену тойындай аста-төк форматта ұйымдастырған.

Бітіру кешінен желіге тараған видеолар жұрттың сынына қалды. Бірі: "бала үшін бәрін жасауға болады" десе, енді бірі: "бес жасар балаға лимузин мен оркестр артық емес пе?" деген пікірлер қалдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Той #Той-томалақ #Әлеуметтік желі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік театр күні: әлемдегі ең ерекше 10 сахна

Бүгін 10:04

Коммуналдық қызмет бағасы маусымнан бастап қымбаттауы мүмкін

Бүгін 09:42

Тұман, көктайғақ: 27 наурызда 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:04

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Кеше 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Кеше 17:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика