AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / ТМПА миссиясының басшысы Құрылтай сайлауын тарихи...

ТМПА миссиясының басшысы Құрылтай сайлауын тарихи оқиға деп атады

Құрылтай 23.08.2026, 14:52 233
ТМПА миссиясының басшысы Құрылтай сайлауын тарихи оқиға деп атады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Парламенттегі әйелдердің өкілдігін арттыру бағытында өте маңызды қадам жасалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы (ТМПА) миссиясының басшысы, ТМПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Осман Местен Қазақстандағы Құрылтай сайлауының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жоғары баға берді.

— Бүгін – Қазақстан Республикасы үшін тарихи оқиға. Бүгін сіздермен бірге осында болғаныма өте қуаныштымын. Бұл – шынымен де тарихи кезең. Біз, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы ретінде, сайлауды бақылау үшін Қазақстанға келдік, – деді Осман Местен Астанадағы Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету үшін ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізген. Атап айтқанда, шетелде жүрген қазақстандықтар үшін 61 мемлекетте сайлау учаскелері ашылған.

— Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының таңдау жасау құқығын қамтамасыз етті. Барлық сайлау Конституцияға, конституциялық заңға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдағанын көріп отырмыз, – деп атап өтті миссия басшысы.

Ол ТМПА өкілдерінің төрт байқаушылар тобының құрамында жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап олар Астана мен еліміздің өзге де қалаларындағы сайлау учаскелеріне барып, бақылау жүргізіп жатыр.

— Учаскелер ашылған кезде барлық талаптың сақталғанын және халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін көрдік. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Сонымен қатар сайлау комиссияларының мүшелері бұл уақытта учаскелерде жұмыс істеп, азаматтарға бюллетеньдерді толтыру кезінде ешқандай қысым көрсетпей, барлық қажетті жағдайды қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта біздің делегаттарымыз, біздің делегациямыз мұның бәрін растады, – деді Осман Местен.

Сондай-ақ, миссия басшысы ТМПА өкілдерінің Қазақстандағы барлық саяси партиялардың басшыларымен кездесуге мүмкіндік алғанын айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан соңғы жылдары елеулі саяси және құқықтық реформаларды жүзеге асырып келеді.

— Біздің ойымызша, Қазақстан, әсіресе соңғы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен, тек саяси ғана емес, құқықтық тұрғыдан да өте ауқымды реформалар жүргізіп жатыр. Бұл – прогреске бастайтын, адам құқықтарын, азаматтардың құқықтарын, азаматтар мен мемлекеттің бірлігін басты орынға қоятын аса маңызды реформалар, – деді Осман Местен.

Миссия басшысы жаңа Парламенттегі әйелдер өкілдігінің артқанын да жеке атап өтті.

— Парламенттегі әйелдердің өкілдігін арттыру бағытында өте маңызды қадам жасалды. Құрылтайда кемінде 30 пайыздық квота қарастырылған, алайда партиялық тізімдер бойынша бұл көрсеткіш асып түсіп, 44 пайызды құрады. Менің ойымша, бұл – өте маңызды көрсеткіш, – деп атап өтті ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47

Наурызбай ауданында ұзындығы 151,4 шақырымды құрайтын инженерлік желі салынуда

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);