Медеу ауданы № 52 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі, наурыз айында "Тіл - достықтың көпірі" атты онкүндігін өткізді. Аталмыш онкүндік аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей білім мен тәрбиені қатар алумен қатар, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ат салысты.
Қазақ тілі мұғалімдерінің алға қойған негізгі мақсаттары — бұл оқушыларды ауызекі сөйлеуге, қарапайым қарым-қатынаста сөйлей білуге, мемлекеттік тілді үйрету. Бұл мақсатқа жету үшін кафедра мұғалімдері аянбай еңбек етіп өз білімдерін көтеріп, жоғарғы дәрежеде сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар, ертеңгіліктер көрсетті. Сабақ өту барысында түрлі заманауи технологияларды қолданып, озық үлгідегі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданды. Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі тапсырмаларды құрастыра білді.
Онкүндік ашылуы "Алғыс айту" күнімен қатар келгендіктен, 01 наурыз күні таңғы сағат 07.45-те салтанатты әнмен, құттықтаулармен жалынды ұрандармен қарсы алды .
Мектеп фойесінде «Ұлттық құндылықтар керуені» атты суреттер галереясы, биылғы жылы мерейтойлары аталып жатқан, ақын -жазушылар туралы танымдық ақпарат безендірілді.
Бұл іс-шарада- 9-11 сынып оқушылары «ұлттық тағам», «ұлттық ойын», «ұлы сөз - бата», сайыс түрлеріне қатысып, салт - дәстүрлеріміз көрсетіліп, өнерлерін ортаға салды. 3,4 сыныптар арасында тіл дамытуға, өткен тақырыптарын қайталауға арналған сөзжұмбақтар, ребустар беріліп, танымдық викториналық ойын өткізілді. Апталыққа белсене қатысқан барлық оқушылар мадақтамамен, алғыс хаттармен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ж.Нургожаева 3 «А» сыныбымен «Кел, балалар оқылық!». А.Қасымжан 4 «В» сынып оқушыларымен «Ұлттық ойындар!» , С. Баржыкбаева 1 «Б» сынып оқушыларымен «Сен не аласың» тақырыбында, жас маман К. Каппар «Д» сынып оқушыларымен «Тасқа сурет салған бала», А. Қырықбаев 1 А сыныбымен «Сен не ішесің»,М. Нурекенова 5 "В" сынып оқушыларымен «Көзіңді қорға» тақырыбында. Б. Акжолова 9 сынып оқушыларымен «Қазақтың тұңғыш реформаторы», А. Еркебаева «Наурыз қай күні кірсе...» А. Токмурзаева "Қай спорт секциясына жазылдың" ,Сайдахметова, Мухаметжанова А. 8 А сыныбына «Наурыз бен Думан».
«Компьютердің пайдасы мен зияны» Искакова С.Е. «Қазақ алфавитінің реформаторы», Темралиева В.Е. 5 «Е» сыныбымен "Компьютердің зияны мен пайдасы", Караулова А,Н. 7 В сыныбында «Наурыз-думан » тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Нурекенова М.Т. 5 "В" сыныбымен "Көлеңкелі театр" қойылымы сахналады. өткізді. Бұл қойылым арқылы оқушылар достық қарым-қатынастың мәнін түсініп, әдептілік,мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін бойына сіңіре отырып, оқушының кітап оқуға құштарлығын арттырды.
Апталық соңында әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы өткізілді. Наурыз- ұлттық құндылықтарды жаңғыртаттын мереке. Сондықтан бұл іс-шара арқылы оқушының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, төл мерекеміздің маңыздылығын келер ұрпаққа жеткіздік деген ойдамын. Бұған қазақ тілі әдебиеті мұғалімдерінің еңбегі зор екенін атап өткім келеді.
Мақаланы жазған: қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Нурекенова М.Т.