Ілгері ұмтылыс - мінезден туады
Неміс ойшылы Георг Гегель «Ұлы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы адам өзін өзгелерге шамшырақ ететін керемет мінезді тауып алады» депті. Қазіргі біздердің өмір сүріп отырған кезеңіміз біртіндеп соған келе жатқандай. Философтың айтатынындай бар. Бәрі қарбалас, барлығы бір нәрсеге асығып барады. Онсыз күн кешу болмастай болып көрінеді. Мүмкін бұл да заманның адамзат баласынан талап етіп отырған критерилерінің бірі шығар. Кім білсін?!
Жаһандау процесі жүріп жатқан қоғамда ғұмыр кешудеміз. Мобилділік ережесі алға шықты. Ал баяу қозғалыс жасар болсаңыз, шаң жұтып қалуыңыз ғажап емес. Бұл дегенміз, сіз артта қалдыңыз, өмір сүруге қабілетсіз дегенді білдірмейді. Бірақ, белгілі бір дәрежеге жету қиынырақ болады. Әсіресе Жан, Корей халықтары алға ұмтылуға, жетістікке жетуге құмар. Ол үшін ешкіммен конфликт жасамауға тырысады. Артық мінезді ішке қалдырады. Нағыз болмас оның басқалай амалын табыды. Мәселен, сол елдерде шыны сындырып, бір нәрсені қиарытпы, артық ашуды тысқа шығарады. Нәтижесінде сергек жүреді. Бойына артық мінез стресс жинамайды. Тіпті, арнайы жұмыс орындарынада сондай орталықтар болатын көрінеді.
Мінез мақсатқа жетуге септеседі. Егер мінезіңіз көркем айналаға тез сыйысып кетесіз. Ең негізгісі іштей өзіңіздің қуатыңыз мықты болғаны абзал. Жан дүниеңіз таза, әрі амбицияға толы болса, озғаныңыз деп білеміз. Әрбір ортаға дау-дамайға көп ілінбейтін, өз ісінің шеберлері жылдам сіңіседі. Себебі, ол адам барлық жағынан қолайлы. Аса бір уәж айтпайды. Тыңғылықты етіп, тірлігін сапалы әрі уақытында тындырып береді. Сол жағынан алғанда көпке ұнамды. Егерде көркем мінезге ие, сондай-ақ айналасына шуақ шашып жүрсе, оны барлығы іздейді. Мұндай жандар сұраныса адамдар деп санауға толық негіз бар.
Көркем мінезді жанның алар асуы алда болмақ. Адам ақылды, адам ізденімпаз. Осы ойлармен келісуге әбден болады. Бізге берілген уақыттың өзі шектеулі. Бастысы соны ұтымды пайдалана алсақ болғаны. Еуропа, Америка Құрама Штаттары әлгіндегі Жапония мен Корея елдерінде мүмкіндігі зор тұлға қатты қадірлейді. Ол барлық ерік-жігерін, сол компанияның немесе мекеменің алға жылжуына күш салады. Яғни, табысты арттырып, биік белестерге қол жеткіздіре алады. Мұны олар «тиімді адам» ретінде бағалайды. Існе тиянақты, ешкімге артық салмағы жоқ, негізгісі – пайда түсіру жағынан басқалардан оқ бойы озып тұр.
Жаһан жақсыға құмар. Өздеріңіз білетіндей Tesla, Amazon сынды алпауыт компаниялардың игелері «тиімді адамды» бағалай алады. Сол арқылы табысын, арттырын оның бойындағы барлық дарындылығын өздеріне пайдаланады. Мұндайда көбіне орнанизаторлық қасиет басым болғаны абзал. Демек, осы аталған аса ірі мекемелердің иелеріндей мұндай мінездер жоғары деп білеміз. Бір адамды жұмсап, оны өзіңнің дегеніңе жүргізу үшінде, мықты харизма мен күш қуат керек. Сонымен бірге сізде жетістікке жетіп олар үшін үлге болуыңыз шарт. Міне осы қарапайым ережер орындалған жерде, түгел іс алға баспақ.
Топшылау. Ойшыл һәм ақын Шәкәрім Құдайберді бабамыз «Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам» деп баға беріпті. Сондай данышпандықпен айтылғанына қайран қаласыз. Мейлі жетістікке жетіңіз, бірақ осы аталған қасиеттер болмаса мұның бәрінің құны көк тиынға да татымайды. Түгел сөздің түп атасын топтап айқтқанда шығарар қорытынды осыған саяды.
Тиімді адам – епті, ақылды, ең бастысы көркем мінезді адам деп танимыз. Аталған критерилерге назар аударып, ортаға тез биімделіп, айналаға пайда әкелсіз, ұтқаныңыз демекпіз.