AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Tiger Summer Fest

Tiger Summer Fest

Не? Қайда? Қашан? 01.08.2023, 05:10 1,247
Tiger Summer Fest
vk.com

2023 жылдың 5 тамызында Offtop club (Сағадат Нұрмагамбетов көшесі, 232) алаңында Tiger Summer Fest екінші фестивалі өтеді. Бұл стильді музыка, заманауи өнер және көше тағамдарын біріктіретін бірегей жазғы демалыс, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Шара бағдарламасында ойын-сауық, сыйлықтар, авторлық мәзір, интерактивті қойылым, әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың өнері, жоғары деңгейдегі премьералар және сүйікті тректер болады.


Tiger Summer Fest 2023 фестивалінің хедлайнері Guano Apes неміс тобы. Ал арнайы шақырылған қонақ - Animal Jazz.


Фестиваль сахнасында SAMRATTAMA, SHIZA, yes/no/notsure, LieLie, ал ди-джей стендінде Kingsteppa aka Steppa-T, Pluzhnik, Varfalamei, Kritechno өнер көрсететін болады.



Tiger Summer Fest қонақтары үшін бірегей рецепт бойынша жасалған арнайы жалпы азиялық фестиваль мәзірі әзірленді. Тіпті веган жандар фестивальде ерекше дүниелерді таба алады. Авторлық сусындар тағы бар. Фестиваль мәзірін тек Tiger Summer Fest-те көруге болады.


Фестиваль бағдарламасында ойындар мен ойын-сауық, арт-инсталляциялар, фестиваль қонақтарының қатысуымен Repas тобының  интерактивті қойылымы болады. Сондай-ақ, ұтыс ойыны аясында Сингапурға екі адамға арналған билет ойнатылады.


Tiger Summer Fest 2023 аумағы Main, Fan, VIP секілді үш аймаққа бөлінген.


Main – фестивальдің ең үлкен аймағы. Ол фестивальдің іс-шараларын, демалыс орындарын (бинбег қапшықтары мен көлеңкеге арналған қолшатырлар) және стендтердің көпшілігін қамтиды.


30 маусымға дейін Main алаңына билеттер құны 15 000 теңге, 30 маусым мен 5 тамыз аралығында 20 000 теңге. Билет фестивальдің барлық іс-шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, тек Fan және VIP аймақтарына кіре алмайды.


Fan - кең би алаңы бар сахнаға ең жақын аймақ. 30 маусымға дейін Fan билеттерінің құны 20 000 теңге, 30 маусым мен 5 тамыз аралығында 25 000 теңге болады.


Fan аймағының билетң фестивальдің барлық іс-шараларына және VIP-тен басқа аймақтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.


VIP алаңы бөлек орналасады. Оның ішінде бар, Tiger Beer құйылған сусын, жеңіл тағамдар мен сахнаның ең жақсы көрінісі бар орындар орналастырылады. VIP билет барлық іс-шараларға және фестивальдің барлық аймақтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.


VIP билеттер құны 30 маусымға дейін 30 000 теңге, 30 маусым мен 5 тамыз аралығында 40 000 теңге болады.


Билеттерді онлайн сатып алуға болады: https://tap.link/tigerbeer.kz/2


Фестивальдің жас шегі: 21+


Қосымша ақпарат:


  – Фестивальге тек жеке куәлікпен ғана кіруге болады. Түпнұсқасын ұсынуға немесе электронды нұсқасын Kaspi, Egov қызметтері арқылы көрсетуге болады. Құжаттың фотосуреті қабылданбайды.


- Фестиваль алаңына 21 жасқа толмаған қонақтар жіберілмейді. Билет сатып алған қонақ билетті алдын ала қайтаруы керек, себебі билет құны кіре берісте қайтарылмайды.


- Фестиваль аумағына өз сусындарыңызбен және тағамыңызбен кіруге тыйым салынады.


- Фестиваль аумағына тесетін және кесетін заттарды, қару-жарақтарды, соның ішінде пневматикалық қару, бұрыш спрейін және фестивальдің басқа қонақтарының денсаулығына қауіп төндіретін басқа да заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады.


- Іс-шара өтетін аумаққа скутерлермен, велосипедтермен, роликтермен және басқа да көлік құралдарымен кіруге тыйым салынады. Тек мүгедектер арбаларына рұқсат беріледі.


Фестиваль серіктесі: ROCKAFISHA концерттік агенттігі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әнкүй #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 16:26

Мемлекет басшысы Кения Президенті Уильям Рутоға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды

Бүгін 16:20

Уильям Руто Қасым-Жомарт Тоқаевпен 2023 жылы Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында кездескенін атап өтті

Бүгін 16:18

Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 16:15

Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 16:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);