AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ticketon Awards - 2024: Халықтың сүйікті мәдениет,...

Ticketon Awards - 2024: Халықтың сүйікті мәдениет, өнер және спорт үздіктері марапатталды

Мәдениет 21.05.2024, 11:47 1,365
Ticketon Awards - 2024: Халықтың сүйікті мәдениет, өнер және спорт үздіктері марапатталды
Алматыда Ticketon Awards 2024 марапаттау рәсімі өтті / Freedom Ticketon

Ticketon Awards 2024 жүлдесіне арналған бұл шара еліміздің мәдениет, өнер және спорт саласындағы үздік жетістіктерді құрметтеуді мақсат етті.

Алматы театрында жетінші рет ұйымдастырылған Ticketon Awards 2024 сыйлығының қорытынды салтанаты өтті. Биылғы іс-шарада 300-ден астам үміткер арасынан 34 аталым бойынша үздіктер анықталды.

"Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші" жылдың ең үздік концерті атанып, жүлдеге ие болды

Қазақ халқының сүйікті композиторы Шәмші Қалдаяқовқа арналған ән кеші 2023 жылдың ең үздік концерті болып танылды. Марапатты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Қалдыбек Құрманәлі және Шәмшінің немересі, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Айсұлу Қалдаяқова алды.

Қалдыбек Құрманәлі салтанатты шара барысында: 

- "Қазақ вальсінің королі, композитор - Шәмші Қалдаяқов қазақ халқына бір-ақ рет берілген Алла Тағаланың ерекше сыйы. Жабыққанда, жалғызсырағанда, әлдебіреуден жәбір көргенде, “осылар мұңаймасыншы” деп Жаратушы иеміз бізге Шәмшіні берген. Соның әнімен жұбансын, соның әнімен рухтансын деп Шәмшіні сыйлаған," - деп атап өтті.

Мәдени шаралардың үздіктері

Өткен жылы халықтың ықыласына ие болған мәдени шаралар қатарында «Оян, қазақ!» фильмі мен «Гауһартас» қойылымы ерекше аталып өтті. «Үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша көрерменнің басым дауысымен «Оппенгеймер» картинасы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Болат Әбділманов, Дариға Бадықова, Бақыт Қажыбаев үздік актерлер ретінде танылды.

Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- "Мұндай марапаттар алған кезде біз бір жағынан, әрине, сен әлі де аттың үстінде екеніңді, пенсияға шықсақ та, әлі қатардан қала қоймағанымызды дәлелдейді. Болашақтағы жұмыстарға үлкен бір қоштау болады деп ойлаймын," - деді.

Әлеуметтік желідегі жұлдыздар

Әлеуметтік желіде химия элементтерін әнге қосқан Ұлан Үсенов те үздіктер қатарында болды. Салтанатты шарада «Әлеуметтік бастама» және «Мәдени-ағартушылық жоба» аталымдары да өз иелерін тапты.

Дауыс беру қорытындылары

Ticketon сыйлығына үміткерлерге дауыс беру 8 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтті. Жалпы 154 620 дауыс тіркелген.

Виктория Торгунакова, Freedom Ticketon компаниясының бас директоры:

- "Біздің мақсатымыз – мәдени ортаның тыныс-тіршілігін көрсету, жыл сайын жарқ еткен жаңа жұлдыздарды ерекшелеу, сонымен қатар лайықты бағасын беру. Бұл – ұлттың рухани өсуіне еңбек етіп жүрген сахна өкілдеріне, қоғам қайраткерлеріне, спортшыларға құрмет," - деді.

Спорттық жетістіктер

Өткен жылдың ең жарқын спорттық оқиғасы ретінде «Қазақстан-Дания» футбол матчы танылды. Ұлттық құраманың жеңісімен аяқталған спорттық шара 1513 дауыс жинаған.

Ticketon Awards 2023 жүлдесіне арналған бұл шара еліміздің мәдениет, өнер және спорт саласындағы үздік жетістіктерді құрметтеуді мақсат етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шәмші Қалдаяқов #Қалдыбек Құрманәлі #Концерт #мәдениет #мәдениет және өнер қайтаркері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика