Терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды

Терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Олар сот санкциясымен қамауға алынды.

Биыл шілде-тамыз аралығында ҰҚК Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында арнайы операция жүргізіп, 5 қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Ұсталғандар теракт ұйымдастыру үшін терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде олардан қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ұсталғандардың екеуі бұған дейін кісі өлтіру, тонау және бұзақылық жасағаны үшін істі болған. Тағы бір күдікті шетелде дайындықтан өтіп, лаңкестермен бірге қарулы қақтығыстарға қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21