Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қата...

Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады

Заң мен тəртіп 09.02.2025, 13:01 1,022
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жалған ақпарат берген азаматтарға қатысты қылмыстық істер қозғалып, бес істің беті ашылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке (14,5 млн теңге) дейін айыппұл салынатынын немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, сондай-ақ бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Жалған қоңыраулардың салдарынан барлық шұғыл қызметтер босқа жұмылдырылып, мемлекет қаражаты шығындалады. Сот тәртібімен бұл шығындарды өтеп беру міндеті құқық бұзушыға жүктеледі. Егер кінәлі тұлға 14 жасқа дейінгі бала болса, онда оның ата-анасы немесе заңды өкілдері залалды өтейді. Мұндай жағдайда 20 АЕК-ке (73 840 теңге) дейін айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Сонымен қатар, жасөспірімдер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерге есепке алынады.

Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, елімізде терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан азаматтарға қатысты 168 қылмыстық іс қозғалып, 31 адам ұсталған. Олардың 12-сі кәмелетке толмаған балалар. Сот үкімімен 13 адам жазаланып, оның ішінде екі жасөспірім сотталған. Алты ата-анаға айыппұл салынған.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев: – Әрбір жалған хабарлама қоғамда үрей туғызып, мекемелердің жұмысын тоқтатады. Сонымен бірге шұғыл қызметтердің уақыты мен ресурстарын босқа жұмсайды. Мұндай қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына балаларының мінез-құлқына ерекше назар аударып, осындай әрекеттердің салдарын түсіндіру қажет. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланатынын есте сақтаңыздар. Қоғамдық тәртіп – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Бірлесіп қана, біз балаларымыз үшін қауіпсіз орта құра аламыз, – деді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Алматы #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі