AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Теннистен қазақстандық жасөспірімдер Аргентина құр...

Теннистен қазақстандық жасөспірімдер Аргентина құрамасын ұтты

Спорт 03.08.2022, 03:55 1,394
Теннистен қазақстандық жасөспірімдер Аргентина құрамасын ұтты
prosports.kz

Простеев қаласында (Чехия) 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты (2022 ITF World Junior Tennis Finals) жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер 2016 жылғы әлем чемпионы – Аргентина құрамасын ұтты. Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак бұл жолы Бенджамин Челияға қарсы құраманың үшінші нөмірлі ойыншысы Даниэль Тазабековті шығарды. Бенджамин кеше 2021 жылғы әлем чемпионы Италиямен өткен матчта командасына маңызды екі ұпайды әперді. Әуелі жекелей, сосын жұптық бәсекеде ұтты. Тазабеков ойын тізгінін уысынан шығармай, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Содан кейін Заңғар Нұрланұлы Аргентина құрамасының көшбасшысы Данте Паганимен ойнады. Бірінші партияда Заңғар 6:2 есебімен басым түсті. Алайда қалған екі сетте аргентиналық теннисші сәтті өнер көрсетті – 6:1, 6:1. Матч тағдыры жұптық бәсекеде шешілді. Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Данте Пагани – Бенджамин Челияны тізе бүктірді – 6:1, 6:4.




Осылайша, қазақстандықтар қарсылас команданы 2:1 есебімен қапы қалдырды. Ширек финалға шығу үшін қазақстандықтар ертең Италия құрамасын жеңуі керек.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #теннис #жасөспірімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);