AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Теннистен ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет...

Теннистен ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет ширек финалға шықты

Спорт 03.08.2022, 14:03 1,504
Теннистен ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет ширек финалға шықты
Сурет: Дереккөз

Италия құрамасын тізе бүктірді 


Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Простеев қаласында (Чехия) 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының (2022 ITF World Junior Tennis Finals) ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың үшінші күні қазақстандық жасөспірімдер айды аспанға шығарып, әлем чемпионы – Италия құрамасын тізе бүктірді. Кортқа кеше Аргентина құрамасымен сәтті ойнаған Даниэль Тазабеков алғашқы болып шығып, Сальваторе Тартальонемен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Даниэль қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте бесінші геймде брейк жасап, сол басымдылығынан айрылмады – 6:3. Заңғар Нұрланұлы мен Антонио Марильяно аса тартысты бәсеке өткізді. Бірінші партияда италиялық спортшы басымдылық танытты – 6:4. Екіншісінде де ол 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен, Заңғар таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз пайдасына жазды – 6:4. Үшінші, шешуші партияда сегізінші геймде қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 5:3. Содан кейін өзі доп бергенде, нүкте қоя білді – 6:3. Осылайша, әлем чемпиондарын ұтқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет дүниежүзілік доданың ширек финалына шығып, үздік сегіз команданың қатарына енді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдердің Аргентина құрамасын ұтқанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #чемпионат #теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының кандидаттары Caspian Beverage Holding ұжымына Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Бүгін 20:51

«Әділет» партиясының кандидаттары колледж ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Бүгін 20:47

Бас прокуратурада «Заң мен тәртіп» принципінің жүзеге асырылуы талқыланды

Бүгін 20:45

Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті

Бүгін 19:13

Халықаралық конференцияның ашылуы: «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер

Бүгін 18:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);