AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Темірхан Медетбек өмірден өтті

Темірхан Медетбек өмірден өтті

Әлеумет 10.05.2025, 08:07 955
Темірхан Медетбек өмірден өтті
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Қазақстанның халық жазушысы, танымал ақын Темірхан Медетбек 81 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Темірхан Медетбек 1945 жылы наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Аманкелді атындағы колхозда дүниеге келген. Бала кезінен поэзияға құштар болып өскен ол Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдап, шығармашылық жолын ерте бастаған.

Ақын ұзақ жылдар бойы әдебиет пен журналистика саласында жемісті еңбек етіп, қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосты. Оның өлеңдері терең ойымен, ұлттық рухты паш етуімен ерекшеленеді.

Темірхан Медетбектің шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қорына енген көптеген туындыларды қамтиды. Оның «Жанымның жапырақтары», «Сапар алдында», «Алыс шақырымдар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар», «Дауыс», «Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын», «Тағдырлы жылдар жырлары», «Көк түріктер сарыны» атты жыр жинақтары оқырмандар арасында кеңінен танымал.

Сонымен қатар, ақынның публицистикалық еңбектері де үлкен қызығушылық тудырды. «Менің Абайым», «Баба дәстүрдің мұрагері кім?», «Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл» атты кітаптары әдебиет сүйер қауымның назарына ілікті.

Темірхан Медетбек шетелдік әдебиетті қазақ оқырмандарына танытуда да елеулі еңбек сіңірді. Ол Пушкин, Лермонтов, Якоб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Еркін Вахидов сияқты танымал ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Сонымен қатар, Генрих Белльдің «Иесіз үй» романы мен Владимир Набоковтың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, әлемдік әдеби мұраны насихаттауға үлес қосты. Ақынның өз өлеңдері де бірнеше тілге (қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар) аударылып, шетел оқырмандарына ұсынылған.

Темірхан Медетбектің өмірден өтуі қазақ әдебиеті үшін үлкен қайғы. Оның шығармашылығы қазақ поэзиясының дамуында ерекше із қалдырды. 

Темірхан Медетбек – ұлттық рух пен тарихты жырлаған дарын иесі. Оның шығармашылық мұрасы болашақ ұрпақ үшін баға жетпес қазына болып қала береді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Темірхан Медетбек #ақын #Қазақ әдебиеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика